№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғандағы ең жас директор

Жаңақорғандағы ең жас директор


Бүгінде білім – өркениетті елдердің құнды капиталына, сенімді тірегіне айналды. Адам капиталын дамытпай бәсекеге қабілетті болу қиындады. Сондықтан білім беру бағдарламасын ұтымды ұйымдастырып, оқушының заманауи білім дағдыларын меңгеруге жағдай жасау маңызды. Осындай жұмыстарды жүйелі жүргізуде Жанболат Бекмағанбетұлының еңбегі бар.


Құттықожа ауылының тумасы Жанболат жастайынан білімге құштар болды. Бала кезгі мұраты жазушы болу-тұғын. Бірақ география пәнінен сабақ берген Сабира Зейдалиеваға қатты қызығушылықпен ұстаз болуға бекініпді. Бұл ұстазының ықпалы соншалық, сыныптағы 27 оқушының 17-сі география мамандығын таңдаған-ды. Солардың қатарында Жанболатта бар. Ол мектеп қабырғасын бітіріп, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география факултетіне оқуға түсіп, зеректігімен, белсенділігімен көзге түседі. Қатарластарының арасында көшбасшылық қасиетімен де ерекшеленетін. Ол 2012 жылы жоғары оқу орнын бітіріп, туған жеріндегі №164 мектепте география пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастайды.
Ұстаз! Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне жылулық нұрын себетін дара тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Міне, Жанболат Ахметжанов осыған лайықты болуға мән береді.
2016 жылы ауданық білім бөлімінің бас маманы қызметіне орналасады. Бұл қызмет оны жан-жақты дамытып, кәсіби кадр ретінде шыңдалуына ықпал етті. Осы жылдары облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» және аудан әкімдігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
2018 жылы №164 мектеп директоры болып тағайындалды. Жанболат мектеп өміріне жаңа леп әкелді. Ол Сыр өңіріндегі ең жас мектеп басшысы, екенін айту керек. Оның бойындағы адалдық, еңбекқорлық қасиеттері әріптестеріне үлгі боларлықтай. Қазіргі білім саласындағы үздіксіз өзгерістердің енуін саналы қабылдап, әрекет ету ұстаз қауымынан аса жауапкершілікті қажет етеді.
Заман талабына сай үздіксіз білім жаңарту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы міндетті сапалы атқару үшін Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру (ДББ) ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығында мектеп басшыларының 9 айлық курсында білімін жетілдіруде.
Дәстүрлі Тамыз кеңесінде бірқатар ұлағатты ұстаздар марапат биігіне көтерілді. Солардың қатарында Жанболат Ахметжанов облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Әрине бұл да еңбектің еленгені.
Ауыл мектебінде шәкірттердің білімге, ғылымға деген қызығушылықтары ұшан теңіз.
Өзі басқарып отырған білім ордасының 2018-2019 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестке қатысқан түлектерінің барлығы мемлекеттік грант иегерлері атанды.
– Бүгінгі таңда білім ордасында 35 мұгалім, 250 шәкірт білім алуда. Қызмет етіп келе жатқан жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Дариға Құрбаназарова, биология пәні мұғалімі Бегайым Тасыбекова сияқты ұстаздардың есімдерін ерекше атап өткен жөн. Ұстаздардың мақтанышына айналған көптеген шәкірттері аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпазы атанып келеді, – дейді ол.
Қазіргі уақытта білім ордасы шәкірттердің сапалы білім алуына қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталуда. Мектепте физика, биология, мультимедия кабинеттері жұмыс жасайды. Сонымен қатар өткен оқу жылында физика кабинеті электронды зертханалық құралдармен, планшеттермен, одан бөлек алты интерактивті тақтамен қамтылды. Жанболат өзі басқаратын педагогикалық ұжымды үнемі жаңашылдықпен жұмыс жасауға шақырып, жігерлендіреді. Шәкірттердің білімге ынтасын арттырып бәсекеге қабілетті болып қалыптасуында жүйелі жұмыс атқаруда.
Оның Тамыз кеңесінде марапатталуының сыры осындай еңбектерінің нәтижесі екенін ұқтық.

Майра Ғаниева
17 қыркүйек 2019 ж. 797 0