№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауданда ІТ сынып ашылып, робототехника үйірмесі жұмыс істеуде

Ауданда ІТ сынып ашылып, робототехника үйірмесі жұмыс істеуде

ХХІ ғасыр - технология ғасыры. Заман көшінен қалмау үшін оны игілікке икемдеп, дамудың жолын табу маңызды. Әсіресе робот технологияны меңгеріп, экономиканы дамытуды басшылыққа алу керек-ақ.

Ауданда да осы сала біртіндеп дамып келеді. Робототехника үйірмесі жұмыс жасауда. Оны үйірме жетекшісі Қадыров Дастан Абламитұлының өз аузынан естідік.
Ауданда ІТ сынып ашылып, робототехника үйірмесі жұмыс істеуде. Бүгінде аудандық балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығында және ауылдағы мектептерде робототехнология үйірмесі жұмыс істейді. 2019 жылғы 22 желтоқсанда тұңғыш аудан чемпионаты өтті. Әрине оқушылардың роботқа қызығушылығын арттыруда мектептің информатика пәнінің ұстаздарының еңбегі айырықша. Әсіресе Дастан Кадировтың еңбегін бөліп жарып айту керек.
- Робототехника үйірмесінің ашылғанына 3 жыл болды. Балалар лего конструктормен жұмыс жасайды. Оның ойлау қабілетін дамытуға ықпалы зор. Үйірмеге қатысушы 36 бала жарыстардан жүлделі орындарды алып жүр. Бір жылдан бері IT, 3D үйірмелері ашылды. 3D үйірмесі 3 өлшемді сызба сызады. Өлшемді сызбаны пластмасса түрінде құйып шығаратын аппаратпен жабдықталған. Smartlab үйірмесінде балалар IT программалық тілдерді үйренеді, - деді маман өз сөзінде.
Осы үйірменің қатысушысы №125 С.Сапарбеков атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Мейіржан Нұрдәулетұлы: "Мен үйірмеден көп нәрсені үйрендім. Ой өрісіңді дамытып, қабілет қарымыңды ұштайтын үйірмедегі әрбір минутымызды пайдалы дүниелерге арнаймыз. Әлі де үйренеріміз көп. Конструктормен жұмыс жасап, геометриялық сызбаларды дәл сызуға қол жеткіздік. Сондай-ақ компьютермен вебсайт жасау, математикалық дәлдік барлығын осы үйірмеден ойын арқылы үйренуге болатынына көз жеткіздік"-деді.
Адамның сауаттылық туралы түсінігі күн сайын өзгеріп отыр. Осыдан 10 жыл бұрын адамның сауаттылығы оқу мен жазу көрсеткіштері арқылы бағаланатын болса, казір компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі маңызды. Ал ертеңгі күні әр сауатты адам роботпен жұмыс жасай білу қажет. Бұл - заман талабы.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
03 маусым 2020 ж. 899 0