№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

РОБОТОТЕХНИКА


Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі. Сондықтан, Елбасы бағдарламалық мақалада білім беру сапасын арттырып, жастардың бәсекеге қабілетті болуын меңзеді. Әсіресе, техникалық мамандықтарды, яғни «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілгендей IT, киберқауіпсіздік, робототехника сынды салаларына басымдық берді. Осыған орай, жуырда облыс орталығында алғаш рет робототехника фестивалі ұйымдастырылды.
«Robofest» атты фестиваль 6-17 жас аралығындағы жүзге жуық жас құрастырғыштардың басын қосты. Облыстық білім басқармасы «ҚазРоботикс» Федерациясының қолдауымен өткен байқауға жаңақорғандықтар да қатысып, жүлдемен оралды. Сондықтан, сәтін салып, топ жетекшісі балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығының тәлімгері Дастан Кадировпен тілдескен болатынбыз.
– Жас техниктер 4 категория бойынша жарысты. Сызық бойымен жарыс кегельринг – квадро, робосумо және робофутбол деп аталды. Жарыстың мақсаты жеткіншектерді техника тілін түсініп, келешекте роботтандыру жүйесін толық меңгеруіне серпін береді. Сондықтан, алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқаудың шарты аса ауыр болмады. Бір қуанарлығы, қазіргі таңда оқушылардың қызығушылығы өте жоғары, ата-ананың да сұранысы қанағаттандырылуда, – деді үйірме жетекшісі.
Сонымен, «Robofest-2018» оқушылар арасындағы робототехника бағыты бойынша облыстық фестивальға Жаңақорғаннан сегіз өрен қатысты. Оның ішінде балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығынан Мағжан Бахтияр мен Қайнар Инаят қатысқан болатын. Мағжан қатысқаны үшін ссертификат алса, Қайнар байқау қорытындысы бойынша екінші орынға шықты.
– Бұл пән мен үшін өте қызықты. Роботтарды құрастыруды тек пән ретінде ғана емес, келешекте кәсіп ретінде қолданғым келеді. Ал, жарысқа келетін болсақ маған қиындыққа соқпады. Тек қарсыласым менен бұрын мен ойлаған жобаны ұсынып, бірінші орынға шықты, – деді жарыс жүлдегері.
Сондай-ақ, фестиваль аясында қатысушы мұғалімдерге арналған шеберлік сыныптар өткізілді. Айта кетейік, қазіргі таңда облыстағы 9 қосымша білім беру ұйымдарында 316 жас өрен робототехника үйірмесіне қатысып, тәлім алуда. 2017 жылдан бастап облыстағы аталған оқушылар үйінде «3D зертханаларымен» жабдықталған. Сондай-ақ, 25 инновациялық мектепте робототехника элективті курс ретінде енгізілді. Былтыр желтоқсан айында «HackDay 2017» алғашқы аймақтық фестивалі ұйымдастырылып, оған 137 команда қатысты. Қатысушылардың идеясына, тіпті, Алматыдан, Астанадан келген инвесторлар қызығушылық танытқан. Демек, Сыр өңірінің өрендері техника тілін түсініп, ғылыми тұрғыда белсенділік танытуда.
Осы орайда, аудандағы балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығында «Робототехника» үйірмесінің қызметіне зер салсақ. Үйірме 2017-2018 оқу жылынан бастап ашылып, жұмыс жасауда. Бүгінде кент орталығындағы мектептерден 36 оқушы жас ерекшелігіне қарай үш топқа топтастырылған. 2017 жылдың қараша айында «LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education» жинағымен жабдықталған робототехника кабинеті алынды. Қазіргі таңда робот құрастыруда теориялық білімдерінің бірінші деңгейін іс жүзінде орындап, алғашқы құрастырулар жасалуда.

Әлібек ТЕМІРБЕК.
15 маусым 2018 ж. 1 334 0