№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Бексұлтан кітаппен дос

Бексұлтан кітаппен дос


«Құймақұлақ бол, балам!». Ескіден қалған есті сөз. Мағынасына мән берсеңіз жолын жалға дегенге саяды. Міне, осындай сөзді естіп өскен Бексұлтанның құймақұлақ қасиеті бар. Бір айтқанды жаттап алады. Олай болмаса, 3 сыныптың оқушысы қалайша Абайдың «Ескендір» поэмасын жаттап алады.


Сазгер, орындаушы Бексұлтан Бай­кен­жеевтей халықтың сүйікті ұлы болсын деген ниетпен атасы Жан­болат шөбересіне «Бексұлтан» деп азан шақырып, ат қояды. Осы үкілі үміт нұрлы сәулесіне айналып келе жатқан Бексұлтанның алғашқы қа­дам­дары қуантады. №163 мек­тептің 3 сыныбыныда оқитын оны қатар­ластарынан ерекшелейтін қасиеті оның тым-тым зеректігінде жатса керек.
Көркемсөз оқу өнеріне баулыған ұстазы Мариям Батырбекова Бексұл­танның талабын байқап, зейінін ашты. «Бексұл­танның ерекше дарынын байқап, биыл алғаш рет додаға қатысты. «ARNAU» халықаралық шығармашылық орталығы ұйымдастырған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты байқауына қатысып, мектептің абыройын асырды. Алғашқы жетістігінен-ақ, таудай талабы барын аңғартты», – деді Мариям Батырбекова. Биылдан бастап сынып жетекшілікті қолға алған Гүлдана Ахметова Бексұлтанның бағындырар белесі алда деп үміттенеді.
Бексұлтан үлкен азаматтай сөз саптап, терең ой қозғап, даралығын танытып жүреді. Өмірді тануға деген көзқарасы кемел. Бұл баланың кітапты көп оқитынын білдірсе керек-ті. Орталық кітапхананың балалар бөліміндегі көп кітапты парақтап, керекті тұсынан жадына тоқығаны көп. Әсіресе батырлар туралы аңыздарды білетіні көп.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей, әкесі Ерсұлтан Жанболат та сөз өнерінен алыс емес. Өлең жазып, көп кітап оқиды. Әкесінен көрген көркем дағдыны ұлы қайталап, зерек те зейінді қасиетімен ерекшеленіп келеді.
– Ұлымның өмірді тануға деген ниеті қуантады. Менімен бірге кітап оқи­ды. Осыны аңғарып балалардың дүние­танымына сай кітаптарды арнайы сатып аламын. Карантин кезінде Абайдың өлеңдерін жаттауды бастады. Қазір ақынның оннан аса өлеңін жатқа біледі. Сосын «Ескендір» поэмасын жаттауға бел шештік. Алғашында көлемін көріп, жүрексінгені бар. Шешінген судан тайын­бас дегендей кірісіп кеттік. Бірне­ше аптада поэманы жаттап алды, – деді әкесі әңгімесінде.
Бексұлтан 42 шумақтан тұратын «Ескен­­дір» поэмасын жатқа айтып, әлеу­меттік желіде елдің назарын аударғаны бар. Елдің бәрі «жас талант екен, бү­тін поэманы қалай жаттап алған?» деп таңырқағаны жөнінде пікірлері бар. Өлең жаттауда қандай тәсілге жүгінеді? Бұл жайында анасы Жұлдыз Жанабиловадан сұрадық.
– Жолдасым үйде үнемі домбыра шертіп, шығарған өлеңдерін оқып, бізді марқайтып жүреді ғой. Бексұлтан 4 жасында әкесіне еліктеп, домбыраны қағып, әуенге қосылып, ыңылдап ән салатын қылықты шығарды. Осы кезден бастап, оның дарынын байқап, тақ­пақтар мен өлеңдер үйрете бастадық, – деді анасы.
Бексұлтан 6 жасынан мектепке бар­ды. Ата-анасы «сабақты алып кете ала ма?» деп уайымдаған еді. Бірақ дарынды бала ортаға тез бейімделіп, жақсы қырларын көрсетіп, белсендіклік танытты. Бүгінде Әлшекей атындағы өнер мек­тебінің домбыра сыныбында дәріс алады.
Алғашқы қадамынан болашағынан үлкен үміт күттіретін жасөспірім Бексұл­тан Жанболат: «Абай өлеңдері менің жүрегіме жақын. Сондықтан оның өлең­дерін тез жаттаймын, – деді.
Бексұлтаннан бас ақынның өлеңдерін оқып беруді сұрадық. Ол расында жүйрік екен. Іркілместен «Ғылым таппай мақ­­­танба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Білімдіден шыққан сөз», «Жүрек­­те қайрат болмаса», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңін бірі­нен кейін бірін нақышына келтіріп оқып берді.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкур­сының облыстық байқауында екінші орын иеленген отбасының талапты өспірімнің талпынысын көріп, көңіліміз қуанды. Бүгінде жасөс­пірімдер планшет пен смартфонға үңілген уақытта біздің кейіпкеріміз кітапты қолға алып, өзінің озық ойымен даралана бастады. Осы бағыттан таймаса елдің тұтқасын ұстар ойлы азаматтың бірі болары анық...

Мақпал МАРҚАБАЙ
05 желтоқсан 2020 ж. 646 0