№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жас дарынның бойында білімге құштарлық бар

Жас дарынның бойында білімге құштарлық бар

Тума талантты танып, оның қабілет-қарымын аша білу өте маңызды. Осы тұрғыдан алғанда қарым-қабілетімен, болмыс-бітімімен ерекшеленетін Зият Жәдігер жайлы әңгімелекпіз. Оның бойындағы ерекше дарынды ата-анасы мен ұстаздары жастайынан танып, демей білді.
Дамыған отыз елді межелеп отырған елдің басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Осы тұрғыда Зият секілді жас дарынның алғашқы зейіні мен талабын байқап, дарынын ашқан алғашқы ұстазы Әйгерім Құдайбергенованың еңбегі өлшеусіз. Жас жеткіншектің қазіргі ұстазы Гүлмира Сәрсекова: «Зиятты алғаш көрген сәтімде менің алдымда ерекше бала тұрғанын сездім. Жанары оттай жанып, тұлғаланып тұрды. Сабақта белсенді. Тез қабылдап, жаттап алады. Талантымен таңдандырудан шаршамайды. Түрлі байқауларда дара атанып, мерейімізді өсірді», – деп мақтана айтты.
Зейінді бала Зият Жәдігер біздің талантты жерлесіміз. Оның атасы Жәдігер Абдразахов Кеңес ауылында тұрады. Осы әулетте қаншама білімді де зиялы азаматтар шыққан. Олардың ізін жалғап, жас талант Зият та өз белестерін бағындырып, алға қойған мақсаттарына қанат қағуда. Ол Қаратаудың топырағынан нәр алды. Бүгінде әкесінің қызмет бабымен Зиятқа да түрлі мектепте оқуына тура келеді. Әкесі Талас Жәдігерұлы елге белгілі құрылысшы. Зият бүгінде Түркістан облысы, Жетісайда №4 Абай атындағы гимназиясының 4-сынып оқушысы. Он жасқа енді ғана толған баланың шығармашылық жетістіктері бір төбе.
Биылдың өзінде қаншама білімділер сайысында бағы мен бабы қатар жанып, жұлдызы оңынан туды. Ұлттық Интернет Олимпиада сайты ұйымдастырған байқауда өзін-өзі тану пәні бойынша бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ nio.kz сайты өткізген музыка, орыс тілі, математика, дүниетану, қазақ тілі пәні бойынша арнайы сертификатқа ие болды.
«Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылығы бірлестігі өткізген «Мәңгі ел – Қазақстан» байқауында бас жүлдені иеленді. Екі мәрте «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған ағылшын тілі пәні бойынша қашықтықтан олимпиадаға қатысып, шекті 100 балл жинап, бірінші дәрежелі дипломға ие болды.
Жас дарынның бойында білімге құштарлық бар. Оған шығармашылық қабілетін қосыңыз, сондай-ақ спорттық ептілігін, өнерге деген ықыласын көруге болады. Заманауи игіліктерді де меңгеруге дайын. Оның ішінде ІТ және робот техникаға қызығушылығы жоғары. Мұның дәлелі, «IQ» интеллектті дамыту орталығы ұйымдастырған Республика оқушылары арасында қашықтан өткізілген «Мектебім – алтын бесігім» байқауына қатысып, дарындылығымен көзге түсті. «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиадасында да жүлде алды.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың есімімен аталатын мектептің 50 жылдық мерейтойына орай өткізілген «ХХІ ғасыр көшбасшысында» бастауыш сыныптың арасында үздік деп танылды. Сыныптың үздік оқушысы, мектеп мақтанышы бола білген Зият Жәдігер актерлік және музыкалық қабілетін шыңдап келеді. Балабақшадан ән салып, би билейтін жас дарын Абай Құнанбаевтың қарасөзін 3 тілде жатқа айтып, әндерін нақышына келтіре орындап, елдің қошеметіне бөленуде.
Дарынды да талантты бала тәрбиелеуде ата-ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады. Алғашқы қадамдарын қолдап, баласының болашағына дем беріп, рухани демеп жүрген әкесі Талас Жәдігерұлы: «Зият атасының баласы. Ауылдағы атасын қуантып келеді. Ел келешегі білімді жастардікі. Сондықтан ұлдарының сапалы білім алып, саналы болуына тілекшімін!», – дейді.
Осындай дарынды дүниеге әкеліп, тәрбиелеп, талабын қолдап жүрген анасы Гульвира Абдразахова балаларының әрбір жетістігіне шүкіршілік етеді.
Зият отбасында тұңғыш бала болғандықтан інілеріне қамқор, бауырмал. Інісі Ұлас та мектеп мақтанышы. Бізбен тілдескен Зият ауылды қатты сағынатынын, Жаңақорғанды ерекше жақсы көретінін жеткізді.
– Менің есімімді «Зият» деп атам қойды. Ондағысы алғыр, зерек болсын дегені ғой. Осы бір үмітті ақтап, елге адал қызмет етуді қалаймын. Абайдың рухани мұрасы, оның ішінде қара сөздерін үш тілде жеткізіп, ақынның айтпақ ойын әлемге насихаттауды ойлаймын. Болашақта әлем бойынша білімділердің көшін бастап, дүниежүзіне пайдалы іспен айналыссам деген мақсатым бар», – дейді арманы асқақ ұл.

Мақпал МАРҚАБАЙ
02 маусым 2020 ж. 788 0