Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 128

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 146

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 966

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 469

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 668

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 656

№24 (8632) 25

25 наурыз 2023 ж.

№23 (8631) 21

21 наурыз 2023 ж.

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » АЛТЫНШЫ РЕТ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

АЛТЫНШЫ РЕТ ЧЕМПИОН АТАНДЫ


Жаңақорған агро-техникалық колледжінің ұстаздары сапалы білім берумен қатар бұқаралық спорт саласының дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Шиелі аграрлық техникалық колледжінде «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында волейболдан кәсіптік-техникалық және кәсіптік-білім беру қызметкерлері арасында өткен спорт додасы тағы бір дәлел. Осымен алтыншы рет жалауы желбіреген облыстық білім басқармасының кубогына аймақ бойынша жұмыс жасайтын 17 колледж ұжымы бақ сынады.
Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Шынтасов, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Болат Смағұлов жарысқа келген командаларға сәттілік тіледі.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен мән беруде. Оған жыл сайын өтетін осындай шаралардың өткізілуін атап кетуге болады. Бүгінгі «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған спорттық шараның маңызы зор. аға буынға қарап, өскелең ұрпақ тәлім алады. Сондықтан, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді басқарма басшысының орынбасары.
Сонымен, төрт топқа бөлінген командалар ойынды олимпиадалық негізде жүргізді. Қызылорда бизнес және құрылыс, Жалағаш аграрлық техникалық, Қазалы гуманитарлық колледжімен бір топқа түскен жерлестеріміз үздік ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластарынан басым болды. Жартылай финал барысында Қызылорда қаласынан келген «Өркениет» медицина колледжі командасын 2:1 есебімен, ал ақтық сында Исатай Әбдікәрімов атындағы аграрлық колдледж командасын екі таймда да 25:23 есебімен ойсырата жеңген жаңақорғандықтар алтыншы рет кубокты төбесіне көтерді. Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының ауыспалы кубогы мен бағалы сыйлығымен марапатталды. Дүбірлі дода барысында Руслан Қырғызбаев, Еркебұлан Қибасаров, Марат Орынбаев керемет ойын өрнегін көрсетсе, Жұмахан Нұртазаев «Ең үздік ойыншы» атанды.
Жаңақорған командасы бұрын да үш жыл қатарынан чемпион атанып бір кубокты ескерткішке алған болатын. Бұл жолғы жеңіс кубогы да колледжде сақталуы тиіс болатын. Бірақ команда мүшелері ақылдаса келе бұл кубокты Шиелі аграрлық техникалық колледжі мұражайы жанынан ашылғалы жатқан кеңестер Одағының батыры, армия генералы Сағадат Нұрмағанбетов бұрышына естелік ретінде табыстады. Осы орайда колледж директоры, облыстық белбеу күресі және ұлттық күрестер федерациясының вице президенті Мадияр Ахметовтің еңбегін атауға болады.

P.S. Мадияр Ахметов 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы белбеу және ұлттық күрестер Қауымдастығы спорт түрлерін дамыту ісіне қосқан үлесі үшін «Жылдың үздік спорт федерациясы» номинациясы бойынша марапатталды. Осындай білікті басшы басқарған ұжымнан әлі де биіктерді күтеміз.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
15 маусым 2018 ж. 1 037 0