№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіптік білімнің болашағы баянды

Кәсіптік білімнің болашағы баянды

 Тұңғыш Президент Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Біздің жастар оқуға, ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, технологияны күнделікті өмірде шебер пайдалануға көшуі керек. Бұл үшін біз барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуіміз керек» – деген болатын. Бүгінде бұл тапсырма іс жүзінде орындалып, еліміздегі жүздеген жастар мемлекет қамқорлығын сезінуде. Әсіресе, бүгінгідей жаһанды алаңдатқан пандемия кезінде барлық сала онлайн режимге бейімделуде. Бұл бағытта Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі де биылғы жаңа оқу жылында студенттерге қашықтан сабақ беруге кірісіп кетті.


Заманауи техниканы еркін меңгерген ұстаздар қауымы интернетті игілікке икемдеп, студенттермен онлайн жүйеде байланыс жасауда. Яғни, күнделікті сабақ кестесіне сай, әрбір ізденушімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Десе де, айта кететіні, ата-аналар тарапынан ұл-қыздарының уақытылы онлайн дәріске қатысу жауапкершілігін арттырса деген ұсыныс бар. Өйткені, ұстаз, шәкірт, ата-ана осы үштаған бірлесіп, жұмыс жасасақ, білім көкжиегінде біз бағындырмайтын белес болмасы ақиқат.
Бір жағынан, қашықтан оқытуда ұстаз еңбегінің қаншалықты қиын екендігін ата-аналар да түсініп, әлеуметтік желі арқылы ризашылықтарын білдіруде. Жомарт Әбибуллаұлы басшылық ететін колледж ұжымы да жаңа оқу жылына жақсы дайындықпен келіп, онлайн платформаның барлығын жетік меңгерген. Әсіресе, танымал Zoom платформасымен бейнебайланысқа шығып, топтық негізде шәкірттерге тапсырма беріп қана қоймай, олармен кері байланыс орнатқан. Колледждің компьютер кабинеті толықтай ғаламтор жүйесіне қосылған. Яғни, елдегі эпид ахуалға байланысты карантиндік талаптарды сақтай отыра, студенттердің кәсіптік білімді толық меңгеруіне бар мүмкіндік жасалынған. Өзім тәлімгерлік ететін ветеринар мамандығының алғашқы курс студенттері де белсенді түрде қашықтан оқуды бастап кетті.
Қорыта айтқанда, қашықтан оқыту жүйесінің рөлі қазіргі таңда білім саласы үшін өте жоғары екенін айтқым келеді. Бұл жүйе арқылы оқытушылар мен студенттер әлемдік ақпараттармен байланысуға, білімдерін онлайн жалғастыруға, жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға зор мүмкіндік алатыны дәлелденіп келеді.
Карантин режиміндегі өмір бүкіл саланың дәстүрлі жұмыс түрлеріне деген көзқарасын өзгертті. Қашықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастыруда ең бастысы, электрондық материалдарды, онлайн платформаларды сауатты пайдалануда үйлестіруші педагогтардың орны айрықша дегіміз келеді. Бұл тұрғыда, колледж мұғалімдері кәсіптік білімнің болашағы баянды екенін нәтижелі істерімен айқындап жүр.

Айгерім ДҮЙСЕМБАЕВА,
Жаңақорған аграрлы-техникалық
колледжінің өндірістің оқыту шебері
янды
30 қыркүйек 2020 ж. 480 0