Мінезді мұғалім
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім» деуі тегін емес. Өзгенің баласын өз баласындай бауырына басып, білім сіңіріп, тәрбие беретін педагогтарды қашанда ардақтау артықтық етпейді. Осы ретте, №3 мектеп-интернатының ұстазы Айжан Жинақбаеваның ізденісті жолын сөз етпекпіз.
Ұстаздық қарым-қабілетін шығармашыл ортада байқатқан, білікті ұстаз Айжан Жарылқасынқызын ұжымдастарының арасында сыйлы. Турашыл мінезімен көптен ерекшеленеді. Тіпті қоғамдағы мәселелерге ашық көз қарасын білдіріп, өрелі ойы, жүйелі ұсыныстарымен дараланып жүреді. Өзгеден ерек мінезін мектеп директоры Ләззат Нәлібаева да құптайды.
– Айжан Жарылқасынқызы – өз ісінің маманы. Әрдайым ақиқатқа сүйенеді. Әр сабағын мазмұнды өткізу үшін ізденеді. Әрі әрбір шәкіртінің қабілетін шыңдап жүреді. Оған сеніп тапсырған жұмыстар ешқашан аяқсыз қалған емес. Оның жұмысқа деген жауапкершілігін кейінгі жас буынға әрдайым үлгі етіп айтамын, – дейді директор өз сөзінде.
Тектен келетін қасиетін еңбекпен ұштап жүретін жанның еңбек жолында беделі өсті. Оның тұлғалық қалыптасуында ата-анасы, өскен ортасы, ұстаздары әсер еткені анық. Ол №162 мектептің ардақты ұстаздардың алдын көріп,ұстаз болуды мақсат етіп, 2002-2006 жылы Қ.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде тарих пәні мұғалімі бойынша жоғары білім алады.
Бүгінде №3 мектеп-интернатында өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы болып еңбек етіп жүрген ұстаздың жетістіктері бір төбе. Біріккен Ұлттар Ұйымы ұйымдастырған «Дүниежүзілік тарихтың өзекті мәселері» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, белсенділік байқатқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. Республикалық «Яссауитану» білім байқауында екінші орын алды. Сондай-ақ «Менің педогогикалық ұстанымым», «Жол ережесін оқып үйрету» секілді байқаулардың жеңімпазы. Ғылыми мақалары «Өрлеу» журналына, «Ұстаз үні» газетіне шыққан.
«Ұстаздан шәкірт озар» демекші, үлгілі ұстаздың шәкірттері де түрлі деңгейдегі байқауларда олжа алып, мектептің, қала берді ауданның абыройын асырып жүр. Мәселен, Гүлнұр Тәжібай, Дильназ Шайдархан, Асхат Өмірзақ «Өзін-өзі тану» пәндік олимпиадасының облыстық кезеңінде ІІІ-орыннан көрінді.
Айжан Жинақбаеваның жетекшілік еткен сыныбы ерекше талабымен, өнерімен және ауызбіршілігімен көзге түседі. Бүгінде оның жетекшілігіндегі 9-сынып оқушылары сабақ үлгерімі бойынша 75-80 пайыз көрсетіп, мектептегі таңдаулы сыныптың біріне бағаланды. Тәртібі мен тәрбиесін де мұқият қадағап, әрбір баланың күнделікті тыныс-тіршілігін бақылау, ата-анасымен бірге жұмыс жасау тәлімгердің күнделікті ісі. Сондықтан болар оның сыныбында тәртібі төмен оқушы жоқ. Қашықтан білім алып жатқан шәкірттерінің онлайн байқауларда оқ бойы озып жүргенін мақтанышпен айту керек.
– Қашықтан оқытуды біршама меңгеріп қалдық. Оқушыларыма қосымша іздену үшін бағыт-бағдар беріп, күнделікті сабағын қадағалап, қолдау қажет болған жағдайда рухани демеп, әрбір сәтті тиімді пайдалануды үйретуді басшылыққа алдым. Менің сыныбымның оқушыларының бірлігі жарасқан, белсенділігі жоғары, ілім-білімге құштар. Мектеп басшылары осыны жоғары бағалап, елеп-екшеп жүреді – деді әңгіме барысында кейіпкеріміз.
Шәкірті Бақытжан Қасиет түрлі байқаудың жүлдегері. Білім мен өнерді қатар ұстаған білімпаздың қазақтың ұлттық өнеріне деген қызығушылығы зор. Мәселен, республика көлемінде өткен батырлар жырын жатқа айту өнерінде топ жарды. Қазақтың төл өнерін насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде өз ізін қалыптастырып жүрген Айжан Жинақбаева оқушылардың жүрегінде «талапшыл тәлімгер» ретінде қала бермек. Бұл жөнінде «Қобыланды жырын» жатқа айтудан республикалық бәйгенің жүлдегері Қасиет Бақытжан: «Мектептегі барша ұстаздар арасында Айжан Жинақбаева апайымның орны бөлек. Ол тек ұстаз ғана емес, мықты мотиватор, рухани мұрасы мол маман, әрі рухи биік тұлға. Тәуекел жетпей тұрған сәтте рухтандырып, қолдап, демеп жібергеннен кейін топты жармасқа лажымыз қалмайды. Осындай мейірімді ұстазға шәкірт болғаным үшін өзімді бақытты оқушы санаймын, – деді.
Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның сөзінше, ұлтқа қызмет ету мінезден. Бұл – Айжан апайға қарата айтылған. Себебі оның әріптестері мен шәкірттері мінезді мұғалім ретінде бағалайды.
Мақпал ПӘТЕНОВА