№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТӘРБИЕ БАСТАУЫ – СЫНЫП ЖЕТЕКШІДЕ

ТӘРБИЕ БАСТАУЫ – СЫНЫП ЖЕТЕКШІДЕ

Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық құндылығы қалыптасқан, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, намысшыл, іскер ұрпақты қалыптастыру, тәрбиелеу. Тәрбиенің мазмұны негізінен адамгершілік, имандылық, ізгілік.Сол себепті бала тәрбиесінде сынып жетекшінің алатын орны зор. Мектептегі білім мен тәрбие егіз ұғымдар. Мектепті білім тірегі десек, ұстаз-оның жүрегі.
Мұғалім жас ұрпақтың жан-жақты терең білім алумен қатар саналы да тәрбиелі, зерделілік деңгейі жоғары болуы үшін тер төгіп еңбек етеді. Менің байқауымша сынып жетекшіден үлкен жауапкершілік талап етіледі.Сынып жетекші деген оқушы идеалы, адами қасиетті бойға дарытушы,рухани тәрбие беріп мәдениетке шақырушы. Ең биік шыңында жеке тұлға қалыптастырады. Оқушы бойындағы өзін-өзі тәрбиелеу және дамытуға саналы көзқарасты қалыптастыру үшін түрлі шаралар өткізу уақыт өте келе өз нәтежиесін беруі мүмкін. Осындай қамқор сынып жетекші сөзіне әбден лайық өз сынып жетекшім Байбатырова Айкүміс апай.
Бізге бесінші сыныптан бері анамыздай тәрбие беріп, кекшіл болмай, көпшіл болудықалайтын. Айкүміс апай бізге білім берген кезде жай сабақ түрінде емес, ойын түрінде немесе басқа қызықты тапсырмалар арқылы оқушы бойына жол таба біледі. Айкүміс апай оқушыларға білім берумен қатар жан-жақты дамуы үшін түрлі іс-шаралар: пікірталас, әдеби кеш, шығармашылық, ашық сабақтарды көптеп өткізді. Мұндағы мақсаты біздің көпшілік алдында қысылмай өнер көрсетуімізге, ойымызды ашық жеткізуге, іздену, шығармашылық қабілетін ояту сияқты қасиеттерге жол ашып, ары қарай дамытып, адамгершілігі мол, елге сыйлы азамат болуға үлкен сеніммен қарайды.
Сынып жетекшіміз біздің екінші анамыздай. Олай айту себебім қай жерде, қай уақытта болмасын әрдайым бізді ойлап, алаңдап жүреді. Апай бізге әрдайым үлкен ақындар, ғұлама ғалымдар, жыршылардың қанатты сөздерін құлағымызға құйып, сол адамдай болуға талпындырады. Бізге айтқан әрбір қанатты сөзі қараңғы жерге жарқ етіп сәулебергендей әсер қалдырады. Мұғалім бізге әрдайым адами құндылықтарды бойымызға, жақсы кісінің іс-әрекетін көріп сіңіруді үйрететін және мына екі қасиетті ешқашан ұмытпау керектігін айтатын, бірі- өтірік айтпау, бірі- кез-келген жерде әдеп сақтай білу. Сен ешқашан өтірік айтпасаң саған елдің сенімі молаяды, сенен басқалар үлгі алады, ал әдепке келетін болсақ әдеп сенің басындағы көрінбейтін тәжің, сенің тәжің жарқырай түскен сайын сенің жақсылыққа деген бетбұрысың күшейе түседі. Бұл қасиеттер арқылы шыдамдылық, адамгершілік секілді құндылықтарға жол ашылады.
Сынып жетекшіміз Айкүміс апайдың ендігі арманы: қанат қағып ұядан ұшқан шәкірттерінің өмірде қателеспей, сүйікті мамандығының иесі атанып, отанына, еліне, ата-анасына адал қызмет етер саналы азамат, азаматша атанып, қай ортада жүрсе де, өнегелі тәрбиемен өскендігін таныта алса, ұрпағына үлгі болғанын қаласа, ал менің арманым әрбір ұстаз осындай болса оқушы үшін, оның білім ашуы үшін бар жанын салып оқытса дегім келеді.Айжан ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,
9 «А»   сынып оқушысы.
08 сәуір 2018 ж. 1 534 0