№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білім саласы ардагерлері құрметке лайық

Білім саласы ардагерлері құрметке лайық

Аудан әкімі Сұлтан Мақашов, аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов №3 мектеп-интернатының ардагер ұстазы Базарбай Бибасаров пен Қалдыгүл Бибасарованың шаңырағына арнайы барды.

Қырық жылға жуық өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған ардагер ұстазға құрмет көрсетуі заңдылық. 93 жастағы Базарбай ақсақалдың өмірлік жары Қалдыгүл әжей ұл-қыздары бойына тәлімді тәрбие сіңірумен қатар, бірнеше буынға сапалы білім берді.
– Қырық жылға жақын бір білім ордасында ұстаздық қызмет еттім. Ал өмірлік жарым Қалдыгүл де осы мектептің қабырғасында еңбек етті. Әуелі Алла, екінші ұл-қыздарымның несібесі болар, ұжым ортасында абыройлы, сыйлы болдық. Елеп-ескеріп келіп, отбасымды қуанышқа бөлеп отырсыздар, – деген ардагер ұстаз толқынысын жасырмады.
Аудан басшысы да Базарбай ақсақалға ұзақ өмір, денінің саулығын тілеп, «Алғыс хат» пен сый-сияпатын тапсырды. Сонымен қатар қарт ұстаз бен әжейдің иығына ата салты бойынша шапан жауып, қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандықты таңдап, бар білгенін шәкірт бойына сіңіруде еткен еңбегі қашанда құрметке лайық екенін жеткізді.

Лаура АЙДАРХАН
08 қазан 2019 ж. 1 272 0