Жеткен жетістігіміз қандай, сүрінген жеріміз бар ма?
Аудан басшысы Руслан Рүстемов 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мәслихат депутаттарына есеп берді. Әкім сөздің емес істің адамы екенін байқатып, құр есеп берумен шектелмей, туындаған мәселелерге байланысты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты міндеттер жүктеп, нәтижесі сұралатынын ескертті.
– Сыр өңіріндегі аудандар ішінде Жаңақорған – өндірісі дамыған, табиғи орналасуы ауылшаруашылығы саласына қолайлы, оңтүстігі Түркістан облысымен шектесіп, кәсіпкерлікке кең өріс сыйлаған ерекше аймақ. Бұл басқа аудандарға қарағанда едәуір басымдық береді. Оған негіз – облыстағы өнеркәсіп өнімінің 12,2 проценті, ауылшаруашылығының 20,7 проценті, кәсіпкерліктің 10 проценті біздің ауданға тиесілі. Соның айқын дәлелі болса керек-ті, облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында Жаңақорған ауданы үздік мал шаруашылығы дамыған аудан атанды, – деп бастады сөзін Руслан Рүстемұлы. Әкім одан әрі аудандағы ахуалға тоқталып:
– Менің ауданға келгеніме бір жарым айдың жүзі болды. Өздеріңіз білесіздер, 2020 жылдың 8-17 қыркүйек аралығында аудандағы барлық елді мекенді аралап, ондағы өзекті 100-ден аса ұсыныс-пікірді сараладым. Көтерілген мәселелердің 70 пайызға жуығы соңғы үш жыл көлемінде дағдылы қайталанатын ұсыныстар екендігі анықталды. Енді аталмыш басты мәселелердің шешілу жолын жүйелеп, жыл соңына дейін қаралған қаржысын игеріп алуға тиісті 16 ұсынысты, кезектен тыс өткенсессияда бекіткен болатынбыз.
Жалпы аудан бойынша бүгінгі таңға электр қуатының бағаналары мен желілерінің 70 пайызы тозығы жеткенін болжауға болады. Көпшілігі өткен ғасырдың 1965-1970 жылдары қойылған бөрене бағаналар. Ауа райының қолайсыздығына сәйкес электр желілерінің үзілуі, бағаналардың сынуы мен құлауы жиі кездесіп жатады. Сол сиқы кеткен көне бағаналар мен желілерді қалпына келтіруге көп күш, ұзақ уақыт жұмсалады. Бұл өз кезегінде тұрғындар уәжін оятып, ренішін тудырады. «Биыл ізі болса, келер жылы өзі болар», мұны дәйекті шешпесек уақыт өте береді, керуен көше береді. Сондықтан аталған екі мәселеге орай «Талап-Сырдария» топтық су құбыры жүйесі торабының жыл соңына дейін пайдалануға берілуі үшін және тозығы жеткен электр желілерін жөндеуге сәйкес ауданнан сайланған облыстық мәслихат депутаттарын бірге жұмылдыра отырып, облыстық бюджеттен 2021 жылға қаржы қарастыру жұмыстарымен айналысуды аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары Ғалымжан Сопбековке тапсырамын, – деді.
2020 жылға республикалық, облыстық, аудандық бюджеттерден әлеуметтік жаңа құрылыс нысандарын салу, объектіні күрделі жөндеуден өткізу, қайта жаңғырту, барлық маңыздағы жолдарды жөндеу, ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізу, аяқ су жолдарын тазалап, көпір жөндеу жұмыстарына 8,3 млрд. теңгеге жуық қаржы қаралды. Аталған құрылыс нысандарының біршамасы пайдалануға берілді. Бір бөлігі жылдың соңына дейін жалғасады. Дегенмен құрылыстың сапасына көңілі толмайтынын сөз еткен аудан әкімі:
– 2020 жылы «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша Жаңақорған кентіне 348,6 млн теңге бөлініп, ол Хорасан ата, З.Мұсаханов, Құрманғазы, Жаңауыл-Санатория көшелерінің бойына жаяу жүргіншілер жолы, орталық алаң, вокзалдың айналасын абаттандыру, кент орталығындағы бес шағын спорт алаңын жөндеуден өткізуге бағытталды. Алайда құрылыс жұмыстарына менің көңілім толмайды. Бюджеттің қаншама қаржысы жұмсалып отыр, бірақ тұрғындардың назарын аударарлықтай жарқырап көзге көрініп тұрған іс көрінбейді. Атқарылған жұмыстың кемшілігіне, сапасына сын көп. «Сын шын болсын, шын сын болсын» деген бар, тұрғындардың талабына мен де қосыламын, өйткені жасалып жатқан жолдардың сапасы шындығында төмен. Олай болмауы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында кәсіби мемлекеттік аппарат құруға озық ойлы, бастамашыл мамандар қажеттігін атап көрсетті. Мен сондықтанда төрт көзіміз түгел отырғанда кент, ауылдық округ әкімдеріне айтарым, баяғыдай күнім өтсе болды, айлығымды алып жүре берсем деген селдір санадан арылу керек, – деді.
Қазір қалғып-мүлгіп жұмыс істейтін уақыт емес, нақты іспен дәлелдейтін кез келді. Өйткені ғылымға, инновацияға иек артқан әлем елдері қарыштап дамып барады. Уақыт ағымына сай тез бейімделіп, істі сапалы атқаруды басшылыққа алу маңызды. Халық атқарушы биліктен осыны күтіп отыр. Руслан Рүстемов осы турасында ой өрбітіп, көңіл көзімен бағамдап, ойымен салмақтай алатын басшылардың арқасын сөзбен осып-осып жібергендей болды.
Әкімнің сөзін сөзбе-сөз келтірсек: «Әріптестер, ояныңыздар, жылдар бойғы ұйқының ауылы алыстап барады. Халықтың қазіргі талабы мен заманның ағымына сәйкес жұмыс жасау қажет. Қазір бірінші кезекте қаржы табу керек. Сол үшін сіздерге дербес бюджет берді. Бюджетті толықтыру сіздердің негізгі міндеттеріңіз болып табылады. Ал, сіздер қосымша қаржы тартпақ түгілі, жоспарлы салықтардың есебінен шыға алмай жүрсіздер. Өткендегі кеңейтілген мәжілісте жылдық жоспардың 20 пайызын да орындамаған үш ауылдық округ әкімдерінің тәртіптік жауапкершілігін қарадым. Содан кейін біршама қимыл-қозғалыс болды. Бірақ толықтай емес, сылтау көп. Артық немесе кем жоспар қойылды деген пікірден арылған жөн. Тапсырма берілді ме, нәтижесі сұралады».
Одан кейін ауданның бас менеджері әрбір ауылдық округке байланысты талдауын ұсынды.
Жергілікті салықтардың орындалуы жөнінде аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ақпаратына сәйкес 2020 жылғы 1 қазанға түскен салық түсімдері қыркүйек айының басындағы түсіммен салыстырған уақытта біршама жұмыс жасалғаны байқалады.
Қыркүйек айында мүлік салығын 20 процентке орындай алмаған Қандөз, Қаратөбе, Аққорған округтері болса, 9 айдың қорытындысымен Аққорған – 71,8, Қаратөбе – 81,48, Қандөз 73,9 процентке орындаған. Ал, жер салығының қыркүйек айында 20 процентін орындай алмаған Аққорған, М.Нәлібаев, Қаратөбе ауылдық округтері мен Жаңақорған кенті, тапсырманы алған бір аптаның ішінде Аққорған – 45,9, Қаратөбе – 49,2, М.Нәлібаев – 60,3, Жаңақорған кенті 25,6 пайызға орындады.
Аудандық статистика басқармасының санаққа дайындық барысында жүргізілген мониторингі бойынша Жаңақорған кентінде үйме-үйтүгендеу жүргізу кезінде 6 мыңға жуық тұрғын үй бар екендігі анықталған. Ал Жаңақорған кенті әкімі аппаратының электрондық шаруашылық жүргізу кітабында 5300 тұрғын үй тіркелген. Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ай сайынғы мәліметінде Жаңақорған кентінде мүлік салығы нысандарының 5313 екенін көрсетеді. Бұл дегеніміз, Жаңақорған кенті әкімі аппаратында соңғы жылдары салық салу нысандарының толық есепке алынбайтындығын көрсетеді.
– Осыны ескеріп аудан әкімінің орынбасарлары Ердулла Нұртазаұлына, Ғалымжан Жарқынбекұлына жыл соңына дейін аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасымен, аудандық қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, жер қатынастары бөлімімен бірлесіп, кент, ауылдық округтердегі салық салынатын нысандар бойынша толық есептілік жүргізудің алгоритмін жасап, ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін ұсынуды міндеттеймін. 2021 жылдың қаңтар, ақпан айында кент, ауылдық округтер бойынша барлық есептілікті жүргізіп аяқтауды тапсырамын. Сол есепті жүргізіп болғаннан кейін барып аудан бюджетін нақтылау барысында жаңа бастамалар мен жобаларға қаржы бөлетін боламыз. Мен мұның барлығын неге сүйеніп айтып отыр десеңіздер, кент, ауылдық округтің әкімдері Президенттің Жолдауын тағы қайтара оқып танысыңыздар. Онда бюджет қаржысын негізсіз, мақсатсыз жаратуға жол бермеу керектігі айтылған. Қаржыны оңды-солды, не болса соған жұмсайтын заман келмеске кетті. Сондықтан қолдарыңызда бар дүниенің қадірін біліп, ұқыптап жұмсауды тапсырамын, – деп жүйелі іс атқаруды тапсырды әкім.
Жиын барысында 2021 жылы кентке Сыр беткейінен келетін жолдың бойын, яғни «Алтынсарин» аумағын абаттандыруға басымдық беретіні белгілі болды.
– Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметқали Қасқабаевқа «2021 жылдың бюджетін қарау барысында кент, ауылдық округ әкімдерінің абаттандыру, көркейту жұмыстарын ұсынған уақытта барлығының жоба құны, орналасатын жері, күтілетін нәтижесі, басқа да көрсеткіштері бойынша эскиздерін жасап алып келіп, бюджеттік комиссияда қорғайтын болсын деп тапсырамын. Сол талқыдан өткеннен кейін, мәслихатқа ұсынылатын болады, – деді аудан басшысы.

P.S.: Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің есебінен жеткен жетістігімізді бағамдай алдық, бастысы, қайдан, қалай сүрінгенімізді білдік. Сағат санап, уақыт өткізбей, халыққа етене жақындап, шынайы қызмет ету жолында жарысу керек. Біз ойға осыны түйдік...
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ