№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сөзбен емес, іспен дәлелдейтін кез келді

Сөзбен емес, іспен дәлелдейтін кез келді


Дүйсенбі – бір апталық жоспарды түзіп, сапалы жұмыс құруды басшылыққа алатын күн. Сондықтан аптаны табысты өткізуге мән берген кез-келген басшы бірінші күнгі салмақ салады.

Осыған мәндес жайтты аудандық мәслихаттың кеңейтілген отырысында куә болдық. 2020 жылдың І жартыжылдығындағы
Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша депутаттарға есеп берген әкім Руслан Рүстемов сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты міндеттер жүктеп, істе белсенділік танытуға шақырды.


– Әріптестер, ояныңыздар, жылдар бойғы ұйқының ауылы алыстап барады. Халықтың қазіргі талабы мен заманның ағымына сәйкес жұмыс жасау қажет. Қазір бірінші кезекте қаржы табу керек. Сол үшінде сіздерге дербес бюджет берді. Бюджетті толықтыру сіздердің негізгі міндеттеріңіз болып табылады. Ал, сіздер қосымша қаржы тартпақ түгілі, жоспарлы салықтардың есебінен шыға алмай жүрсіздер! – деп елді мекен әкімдерінің намысын қамшылады Руслан Рүстемұлы.

Одан кейін нақты тапсырмаларды былай жүктеді:
– ...жыл соңына дейін аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасымен, аудандық қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, жер қатынастары бөлімдерімен бірлесіп, кент, ауылдық округтердегі салық салынатын нысандар бойынша толық есептілік жүргізудің алгоритмін жасап, ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін ұсынуды міндеттеймін. Ал, 2021 жылдың қаңтар, ақпан айларында кент, ауылдық округтер бойынша барлық есептілікті жүргізіп аяқтауды тапсырамын. Сол есепті жүргізіп болғаннан кейін барып аудан бюджетін нақтылау барысында жаңа бастамалар мен жобаларға қаржы бөлетін боламыз.
Мен мұның барлығын неге сүйеніп айтып отыр десеңіздер, кент, ауылдық округтің әкімдері Президенттің Жолдауын тағы қайтара оқып танысыңыздар, сосын түсінесіздер.
Онда бюджет қаржысын негізсіз, мақсатсыз жаратуға жол бермеу керектігі айтылған. Қаржыны оңды-солды, не болса соған жұмсайтын заман келмескекетті.
Сондықтан қолдарыңызда бар дүниенің қадірін біліп, ұқыптап жұмсауды тапсырамын, – деді аудан басшысы.

Яғни, әкім айтқандай, қалқып-мүлкіп жұмыс істейтін емес, нақты іспен дәлелдейтін кез келді. Халық атқарушы биліктен осыны күтіп отыр...
02 қараша 2020 ж. 781 0