№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төрт ауылдың талабы

Төрт ауылдың талабы

Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов алғаш тағайындалғанда 26 ауылдық округті түгел аралап, елдің көкейіндегі келелі мәселелерге мән берген еді. Содан 80-ге тарта ұсыныс-пікір жинақталды. Халық қашанда әділ сыншы емес пе, сол айтылған ұсыныстардың бір айдан аса уақытта 16 проценті жүзеге асыпты. Осы екінші сапарында ол Сыр беткейіндегі төрт ауылды бетке алды. Бір айта кететіні, аудан әкімі халыққа есеп беру кезеңін күтпей, елдің сөзіне ерекше ықылас қоятынына халық куә болды.

Алдымен Қожакент ауылына тоқ­тады. Ауыл жұрты 3 ұсыныс білдірген болатын. Оның бірі ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратын күрделі жөн­деу еді. Бұған 2020 жылғы аудан бюд­жетінен 8,3 млн теңге бөлінген. Аудан басшысы енді тиісті қаржыны ұқыпты және мақсатты жұмсау жөнінде өз пікірін айтты.
Екінші мәселе – Е.Үсенов пен М.Әуезов көшелерін асфальттау еді. Ол облыс­тық экономика және бюджеттік жоспарлау ұсынылған 22 кенттік, 150 ауылдық округтер бойынша көшелерге ұсынылған тізім де бар. Екеу емес, 8 көшені жөндеу қарастырылған.
Үшінші мәселе И.Әбдікәрімов атын­дағы №168 мектепке оқушы сыйым­дылығына байланысты қосымша құры­лыс болатын. Бірақ бірінші кезекте апаттық жағдайдағы мектептерді салу жүргізетіндіктен бұл білім ұясына әзірге тоқтай тұрады. Дегенмен қосымша құрылысқа тиісті құжаттарды дайындап, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне бюджеттік өтінім жасау қажеттілігі айтылды.
Келесі аялдама болған Аққорған ауыл­дық округінен 7 ұсыныс түскен. Мұның біреуі шешілді. Ауылдық клуб үйіне от жағушы мен еден жуушы жалақысы үшін аудандық бюджеттен қаржы берілді. Ал, алты мәселенің бірі амбулаторияға УДЗ аппаратын сұ­рат­қан еді, ондай медициналық қон­дырғы амбулатория үшін заңда қарас­тырылмағаны ескертілді. Дегенмен де аудан əкімі Руслан Рүстемұлы амбу­латорияға оттегі концентратын беруді уəде етіп, қазір маман аудандық ауру­хана базасында жаңа аппаратпен жұмыс істеуді үйренуде.
Сол секілді К-1, К-2 су қашыртқысын қазу мәселесі ауылдық әкім тарапынан атқарылуы керек. Себебі қашыртқы «ҚазСуШар» РМК Қызылорда филиалына қарасты болғандықтан өзара келісім арқылы жүзеге асады.
Келінтөбе ауылынан 9 ұсыныс болса, оның үшеуі толық шешімін тапты. Олар: Келінтөбе-Қандөз-Көктөбе арасындағы жолды аяқтау, 2017 жылы сатылып алынған трансформатор орнату, «Құра­лай» бала бақшасының алма бағын қоршау, жылу қазандығын жөндеу, отын алу секілді мәселелер.
Қаратөбе ауылынан 6 ұсыныс түскен. №229 орта мектептің жылу қазандығын қайта жаңғырту үшін аудандық білім бөлімі арқылы 2021 жылы іске асы­рылатын бағдарламалар тізіміне енгі­зілді. Ал, ауылдық амбулатория ғи­ма­­ратын жаңадан салу жөніндегі ұсы­ныс облыстық денсаулық сақтау бас­­қар­масына жолданды. Мұсаханов каналының үстіндегі апаттық жағ­дайдағы көпір «ҚазСуШар» РМК Қызыл­орда филиалының үнемделген қаржысы есебінен жөндеу жүргізіледі.
– Шалғай ауылдардың көпшілігіне тән жағдай интернет желісінің жылдамдығы болып отыр. Осыған дейін байланыстың екі мекемесі арасында келіспеушілік салдарынан бұл мәселе өзекті күйінде қалған. Мен екі мекеме өкілдерімен кездесіп сөйлестім. Енді осы жылдың аяғына дейін «Транстелеком» АҚ Аққұм, Қосүйеңкі, Келінтөбе, М.Нәлібаев, Қожа­кент, Қандөз, Қаратөбе елді мекен­деріне ұялы байланыс желісі арқылы 4G, 3G интернет желісіның жылдамдығын арттыратын болды, – деді аудан бас­шысы.
Сумағар каналын сапалы қазу мәселесі облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу бас­қармасы өз мойнына алған.
Әрине, көп шаруаны шешу ауыл әкімдеріне қатысты. Кейбір нысанды салуға тиісті құжат дайындау, ұсыныс беру, сапасыз құрылыстарды бақылауға алу керек. Аудан әкімі осы жағдайларға байланысты ескертіп, көптің ісіне көп мән беру қажеттігін тапсырды.

Қаныбек ӘБДУОВ
31 қазан 2020 ж. 792 0