Соңғы жаңалықтар

№35 (8849) 13

13 мамыр 2025 ж.

№34 (8848) 10

10 мамыр 2025 ж.

№33 (8847) 6

06 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫС

Жаңақорған аудандық мәслихатының кезекті ХХХХХIV сессиясында аудан әкімі Руслан Рүстемов 2020 жылдың І жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша қорытынды есебін жасады. Өз кезегінде әкім: «Аудан бойынша бүгінгі таңға электр қуатының бағаналары мен желілерінің 70 пайызы тозығы жеткенін болжауға болады. Көпшілігі өткен ғасырдың 1965-70 жылдары қойылған бөрене бағаналар. Ауа райының қолайсыздығына сәйкес электр желілерінің үзілуі, бағаналардың сынуы мен құлауы жиі кездесіп жатады. Сол сиқы кеткен көне бағаналар мен желілерді қалпына келтіруге көп күш, ұзақ уақыт жұмсалады. Бұл өз кезегінде тұрғындар уәжін оятып, ренішін тудырады.

«Биыл ізі болса, келер жылы өзі болар», мұны дәйекті шешпесек уақыт өте береді, керуен көше береді. Сондықтан аталған екі мәселеге орай «Талап-Сырдария» топтық су құбыры жүйесі торабының жыл соңына дейін пайдалануға берілуі үшін және тозығы жеткен электр желілерін жөндеуге сәйкес ауданнан сайланған облыстық мәслихат депутаттарын бірге жұмылдыра отырып, облыстық бюджеттен 2021 жылға қаржы қарастыру жұмыстарымен айналысуды аудан әкімінің салаға жауапты орынбасарыма тапсырамын» деді.
Шынында, шаруа шашетектен. Әсіресе халық сұранысындағы мәселеге дер кезінде кіріспей болмайтынын аудан басшысы айқын айтты.
02 қараша 2020 ж. 1 572 0