Ағайын, солтүстікке көш түзе!
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында еліміздегі жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге жұмыссыз жүрген мамандарды тартып, нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Осыдан кейін оңтүстіктен солтүстікке қарай көш жүре бастады. Айталық, жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарлама аясында 412 отбасы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды.
Ішкі миграция арқылы күрделі мәселелерді шешуге болады. Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысып, солтүстік өңірлерді жастар үшін мейлінше тартымды аймаққа айналдыру қажеттілігін айтты. Тіпті оңтүстіктен солтүстікке бағыт алған отбасыларға жәрдемақы белгілеудің ретін қарастыруды ұсынды.
Президенттің ішкі миграция мәселесіне алаңдауына негіз бар. Біріншіден социолог мамандар солтүстіктегі азаматтар Ресейге көптеп қоныс аударып жатқандықтан, өндірісті аймақта халық саны едәуір азайып, жұмыс күшіне сұраныс артқанын алға тартады. Екінші жағынан, оңтүстікте халық саны артып, жұмыссыздар үлесі көбейіп келеді. Алдын ала болжам бойынша, 2040-2050 жылдарға қарай солтүстіктегі халық саны 1 миллионға дейін азайса, ал оңтүстік тұрғындарының саны күрт өсуі ықтимал. Осы тұста, мемлекет қабылдаған бағдарламаның маңызы түсінікті болар.
Айта кететіні, оңтүстік пен солтүстік өңірдің әлеуметтік-эканомикалық деңгейі екі түрлі. Яғни солтістікте халық аз болғанымен, жұмыс орындары жетерлік. Әсіресе ірі-ірі өндіріс орындарында техникалық мамандар қажет. Содан болар ел арасында жұмыссыз жүргендерге, «Неге солтүстікке көшіп бармайсың? Үй аласын, жұмыс табасын. Сөйтіп жағдайың оңалады» деп айтып жатады. Расымен солтүстік өңірлер қазақтың құйқалы жері. Онда қоныс аударғандардың әлеуметтік жағдайы қалыпты. Оны сонда көшкен жерлестен білдік. Сондай отбасының бірі – Сүттіқұдық ауылының тумасы, бүгінде Риддер қаласының тұрғыны Шолпан Ақжолова (аты-жөні өзінің сұрауы бойынша өзгертілді).
– 2014 жылы Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына көштік. Әне-міне дегенше алты жыл өтіпті. Туған жерден, ағайын-туыстан кімнің алыстап кеткісі келеді дейсіз? Жұмыстың жоқтығы жанға батты. Содан Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту орталығына барып, осы бағдарлама жайында білдік. Дереу сауалнама толтырып, өтініш қалдырдық. Көп ұзамай кері байланысқа шығып, мән-жайды түсіндірді. Бізде еш кідірместен көшуді ұйғардық. Барған кезде жергілікті билік өкілдері өздері күтіп алып, арнайы тұрғын үйге орналастырды. Бізді мұнда жақсы қабылдады. Бір байқағаным, мұнда жұмыс орны өте көп, таңдау мүмкіндігі де жоғары. Одан бөлек жеке кәсіпкерлерге кеңінен жол ашық. Мемлекеттік бағдарлама аясында несие алу да оңай. Өзім көпбалалы анамын. Бұл жақта көпбалалы отбасыларға ерекше сый-құрмет көрсетіледі. Әлеуметтік төлемдердің біршамасына жеңілдіктер қарастырылған және мерекелерде сый-сыйапаттарын жасап тұрады. Тек туған жерге деген сағыныш көкіректі кернейтіні болмаса, басқасына көңіліміз тоқ, – дейді шығысты тұрақ еткен жерлесіміз.
Жерлесімізбен әңгіме барысында біраз ой түйдік. Бізде бір мамандыққа бірнеше адам таласса, онда бір адамға бірнеше мамандық ұсынылады екен. Бір қуантарлығы, шағын ғана қалада үш бірдей тұрғын үйге оңтүстіктен келген ағайындар қоныстанып үлгеріпті. Яғни 120 отбасы көшіп барып, екі қолға бір күрек тауып, еңбек етуде. Олай болса, жұмыс таппай, ата-анасының зейнетақысына күнелтіп жүрген азаматтарға солтүстікке көш түзе деген ұсыныс білдіреміз.
Ағайын, қазақтың солтүстіктегі жерін игерейік!..
Әсел РЗАЕВА