Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Түстіктен теріскейге көш түзеген

Түстіктен теріскейге көш түзеген


Жазиралы Жаңақорған жерінен Қызылжар өңіріне көшіп кеткен Ибадуллаевтар отбасы бүгінде бұл шешімдеріне еш өкінбейді. Десе де әуел баста кіндік қаны тамған жерден кетіп жат өлкеге бой үйрету оңайға соқпаған. Шүкір, қазір мемлекет ұсынған қызмет бойынша адал еңбек етіп, нәпақасын табуда. Бұл жөнінде сәл кейінірек, әуелі мемлекеттік бағдарлама аясында оңтүстіктен солтүстікке көшкен отбасылардың ресми санына тоқталсақ.


Бүгінгі таңда «Еңбек» бағдарламасы аясында солтүстік өңірлерге тұрғындар ерікті түрде қоныстануда. Бұл, жұмыс күші артық аймақтан жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару болып табылады. Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдауға және тұрғын үй алуға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсиядиялар беруді қамтиды.
Қоныстандыру кезеңінде бірінші кезекте отбасындағы жұмысқа жарамды азаматтар жұмыспен қамтылады және қатысушыларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Әрбір отбасы мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни, 87 278 теңге көлемінде бір реттік көмек және тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беріледі. Одан бөлек, жұмысқа орналасқаннан кейін мекеме тарапынан көтерме бір реттік 200 мың теңге беріледі.
Жалпы 2018 жылғы статистикаға сүйенсек, аймақтық квота бойынша 6 766 қазақстандық солтүстікке қоныс аударған. Бұл дегеніміз, 1800 отбасы. ҚР «Көші-қон туралы» заңына сәйкес, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облысынан ғана қоныс аудару қарастырылған. Мұның ішінде, ең көбі Түркістан облысынан көшкендер – 36 пайыз, Алматы облысынан – 28 пайыз, Жамбыл өңіріне – 15 пайыз, Қызылорда облысынан – 13,5 пайыз, Маңғыстау облысынан – 2,7 пайыз. Биыл да аталмыш өңірлерден ерікті қоныс аудару бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Айта кететіні, бұл бағларлама 2021 жылға дейін жүзеге асады.
Хош. Өз қалауымен Жаңақорғаннан Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына көшкен Қайрат Ибадуллаевпен телефон арқылы тілдестік.
– 2019 жылдың қыркүйегінде «Еңбек» бағдарламасы аясында Айыртау ауданына қоныс аудардық. Мамандығым бойынша жылу беру мекемесіне экономист болып жұмысқа орналастым. Мекеме тарапынан бір реттік көмек ретінде 200 мың теңге берілді. Жалпы бізбен бірге Шымкент, Алматы, Тараз, Түркістан қаласынан 143 отбасы келді. Бүгінде барлығы үйлі-жайлы, жұмыспен қамтылған. «Алтайдың қысы алты айға созылады» демекші, шынында мұнда ауа райы өте керемет. Нағыз қақаған аязға үйреніп келеміз, – дейді Қайрат Шәкірұлы.
Сондай-ақ ол жаңақорғандықтарды солтүстікке көшіп, түрлі кәсіп бастауына мемлекеттік қолдау бар екенін жеткізді. Ең бастысы – елге қызмет етемін деген ерге солтүістікте жұмыстың көптігін тілге тиек етті. Оған қоса, бұрынғыдай аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» жолдамасымен емес, өз таңдауымен қалаған ауданына бару мүмкіндігі бар. Сөз соңында Қайрат Ибадуллаев өзі қоныстанған 90 жылдық тарихы бар Айыртау аудан жерінің тарихи тұлғалардың мекені екенін айтты.
– Расында Айыртау – асқар тауларымен, қалың алқапты ормандарымен, айдын шалқар көлдерімен ерекше өлке. Аққан жұлдыздай жарқ еткен ғалым Шоқанның, аспандағы аққудың сұңқылына ән жазған Үкілі Ыбырайдың, от ауызды, орақ тілді айтыс ақыны Оразбайдың, әншілік пен ақындық өнерді құстың қанатындай тең ұстаған Ақан сері Қорамсаұлының туған өлкесі бұл. Енді міне осындай тарихи өлкеде қызмет ету бағы бұйырды, – дейді Қайрат Шәкірұлы бізбен әңгімесінде.

Әбдісамат ӘБДІШ
04 наурыз 2020 ж. 803 0