№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Солтүстікке көш, ағайын!

Солтүстікке көш, ағайын!

Ғасырлар бойы қазақ Сырдан Сібірге дейін түлік артынан көшіп, өмір кешкені шындық. Бұл көш ғұндардан негіз алып, бізге жеткені тарихи ақиқат. Сондықтан болар қазақта «көш», «көш тартты», «көшке ілесті» деген ұғым бар. Енді ХХІ ғасырда Сырдан Солтүстікке тағы көшу керек болып тұр. Бұл уақыт талабы секілді.
Демографтардың сөзіне сенсек, 2050 жылға қарай солтүстіктегі халықтың саны миллион адамға қысқарса, оңтүстік өңірде 5,2 млн. адамға артады. Осындай болжамға сүйенген Үкімет табиғи көшті оңтүстіктен солтүстікке бұрғандай.
БАҚ бетінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова: «Көшу әр адамның жеке ісі. Ешкімді күштемейміз. Дегенмен ниет білдіргендерге жол шығыны, баспана жалдауды айтпағанда, сол барған жеріне үйренісіп кеткенше, ақша береміз. Жұмысқа тұруын да қадағалап отырамыз», деп елдегі демографиялық байланысты ретке келтірудің жолын айтыпты.
Бұған солтүстіктің тұрғындары соңғы жылдарда азайып бара жатқаны негіз болғаны ақиқат. Себебі солтүстікте бірінен соң бір ауыл қанырап бос қалуда. Жұмыс күшінің азайғаны қазірдің өзінде сезілуде екен. Сондықтан солтүстік облыстарға барып жұмыс істейтіндерге мемлекет қолдау көрсетпекші. Барлық жол шығынын көтеріп, жалға берілетін тұрғын үйлерден пәтер де алып бермек. Сондай-ақ, солтүстіктектегі университеттер мен колледждерге оқуға түскісі келетін жастарға грант көп бөлінетін болады.
Не себеп болуда?
Бірінші. Үкімет мұндай бастамаға кіріспес бұрын әлемдік тәжірибені зерттегенге ұқсайды. Өйткені экономикалық өсім халықтың шоғырлануы жоғары аудандарда ғана орын алады екен.
Екінші. Бұның астарында геосаяси бағыт жатыр. Ел астанасын Алатаудан Арқаға ауыстыруда осындай мүдде жатыр. 1989 жылғы санақ нәтижесі бойынша, Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында славян ұлтының үлес салмағы 70-80 пайызды құраған болса, 1999 жылы олардың үлес салмағы 50 пайыздан аспайтындай дәрежеге жетті. Бұл –  жаңа Елорданың қосқан үлесі.
Үшінші. Солтүстік облыстарда еңбекке қабілетті адамдардың үлесін арттыру міндеті тұр. Себебі индустриялық аймақтар құрылып жатқан солтүстік облыстарда жұмыс жасайтын еңбек ресурсының тапшылығы қазірдің өзінде байқалуда.   
Жаңақорғандықтар үшін мүмкіндік
Аталған заң Үкімет сүзгісінен өткен соң Мәжіліс пен Сенат талқылап, сараптап қабылдар. Бірақ оған дейін жаңақорғандықтарға жаңа мүмкіндік бар. Ол халықты жұмыспен қамту саласында ынтымақтастық туралы мемарандум аясында жасалған келісім шарт.
Келісім аясындаҚызылорда облысының тұрғындары Шығыс Қазақстан облысына өз еркімен қоныс аударып, жұмысқа орналасуға болады. Бұл ретте екі жаңақорғандық отбасы Алтай жаққа қоныс аударыпты.
Атап айтқанда, Айнұр Бүркітбаева анасы мен баласын және Ағжолаш Тілесова отбасымен қоныс аударған екен. Оларға Рейдер қаласынан екі бөлмелі пәтер қамтамасыз етіліп, казіргі таңда, өз мамандықтары бойынша жұмыс жасауда. Бағдарламаға қатысушыларға қоныс аударуға бөлінетін субсидия отағасына 50 айлықтық есептік көрсеткіш бөлінсе, мүшелеріне 30 айлықтық есептік көрсеткіш мөлшерінде бөлініпті.
Солтүстік оқуға шақырады
«Серпін – 2050» бағдарламасы аясында Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Павлодар, ШҚО жоғары оқу орындары оңтүстік өңірдегі түлектерді қабылдағанын білеміз. Мұндағы басты мақсат, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасына қажетті мамандар дайындау.
Мұны біз неге айтып отырмыз? Себебі несие алып, баласын оқытып жатқан ата-ана солтүстікке мемлекеттік грантта оқуына болатынын білсін деп айтып отырмыз.
Түйін. Солтүстікке көш – елдік, мемлекеттілік үшін қажет. Сондықтан аттың басын сонда бұрған абзал. Ең болмаса, жұмыссыз жүрген жастарды солтүстікке жұмыс істеуіне мүмкіндік беру қажет-ақ.
 Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
18 қазан 2019 ж. 1 171 0