№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘДЕНИЕТ – ҰЛТ МӘЙЕГІ

МӘДЕНИЕТ – ҰЛТ МӘЙЕГІ


Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жариялады.

Мемлекет басшысы халық көкейінде жүрген сауалдарды дөп басты. Әсіресе елдің рухани-мәдени өркендеуіне үлес қосатын мәдениет қызметкерлерін қолдау керектігін баса айтты. Президент мәдениет саласында еңбек ететін қызметкерлердің жұмысы тиісті деңгейде бағаланбай келгенін, алдағы уақытта сала мамандарының еңбекақысы көтерілетіндігін айтты. Бұған қоса аталмыш сала қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік жеңілдіктер берілетіндігін жеткізді.
Бұл жаңалық талай жылдар мәдениет саласында қызмет жасап, ыстық-суығына төзе білген мәдениет жанашырлары мен өнерпаздардың жұмысына шабыт берді. Алдағы уақытта Мемлекет басшысы айқындап берген басымдықтар қолға алынса, біз үшін үлкен қолдау болғалы тұр.
Жалпы, ұлттың бай мәдени мұрасын және шығармашылық әлеуетін таныту – қажеттілік. Яғни ұлттық мәдени мұраны сақтап қалу мен байыту, сапалы мәдени құндылықтардың жасалуы, таратылуы мен қолданылуын қалыптастыруға күш салу керек. Президенттің Жолдауы осы бағыттағы жұмыстарда шабыттандырып, зор жауапкершілік жүктейді.

Зульфия ШАЛАБАЕВА,
Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры
03 қыркүйек 2019 ж. 1 075 0