№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » COVID-19: бірінші толқыннан қандай сабақ алдық?

COVID-19: бірінші толқыннан қандай сабақ алдық?


Коронавирустың көктемде келген бірінші толқынында әлем халқы зор шығынға ұшырады. Адам өлімі көбейді. Елдер арасындағы барыс-келіс азайып, экономикалық дағдарыс орын ады. ДДСҰ коронавирустың екінші ықтимал толқыны болуы мүмкін дегенді алдымызға тартты. Осы ретте, орын болған жайдан қорытынды шығарып, қателіктерімізді бір пысықтап алу орынды сынды. Сондықтан бірінші толқыннан қандай сабақ алдық деп сала мамандарына сауал қойдық...


Ішкі миграция арқылы күрделі мәсе­лелерді шешуге болады. Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысып, солтүстік өңірлерді жастар үшін мейлінше тартымды аймаққа айналдыру қажеттілігін айтты. Тіпті оңтүстіктен солтүстікке бағыт алған отбасыларға жәрдемақы белгілеудің ретін қарастыруды ұсынды.
Президенттің ішкі миграция мәсе­лесіне алаңдауына негіз бар. Біріншіден социолог мамандар солтүстіктегі аза­маттар Ресейге көптеп қоныс аударып жатқандықтан, өндірісті аймақта халық саны едәуір азайып, жұмыс күшіне сұраныс артқанын алға тартады. Екінші жағынан, оңтүстікте халық саны артып, жұмыссыздар үлесі көбейіп келеді. Ал­дын ала болжам бойынша, 2040-2050 жылдарға қарай солтүстіктегі халық саны 1 миллионға дейін азайса, ал оңтүстік тұрғындарының саны күрт өсуі ықтимал. Осы тұста, мемлекет қабылдаған бағ­дарламаның маңызы түсінікті болар.
Айта кететіні, оңтүстік пен солтүстік өңірдің әлеуметтік-эканомикалық деңгейі екі түрлі. Яғни солтістікте халық аз болғанымен, жұмыс орындары жетерлік. Әсіресе ірі-ірі өндіріс орындарында тех­никалық мамандар қажет. Содан болар ел арасында жұмыссыз жүргендерге, «Неге солтүстікке көшіп бармайсың? Үй аласын, жұмыс табасын. Сөйтіп жағдайың оңалады» деп айтып жатады. Расымен солтүстік өңірлер қазақтың құйқалы жері. Онда қоныс аударғандардың әлеуметтік жағдайы қалыпты. Оны сонда көшкен жерлестен білдік. Сондай отбасының бірі – Сүттіқұдық ауылының тумасы, бүгінде Риддер қаласының тұрғыны Шолпан Ақжолова (аты-жөні өзінің сұрауы бойынша өзгертілді).
– 2014 жылы Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына көштік. Әне-міне дегенше алты жыл өтіпті. Туған жерден, ағайын-туыстан кімнің алыстап кеткісі келеді дейсіз? Жұмыстың жоқтығы жанға батты. Содан Жаңақорған аудан­дық жұмыспен қамту орталығына барып, осы бағдарлама жайында білдік. Дереу сауалнама толтырып, өтініш қалдырдық. Көп ұзамай кері байланысқа шығып, мән-жайды түсіндірді. Бізде еш кідірместен көшуді ұйғардық. Барған кезде жергілікті билік өкілдері өздері күтіп алып, арнайы тұрғын үйге орналастырды. Бізді мұнда жақсы қабылдады. Бір байқағаным, мұнда жұмыс орны өте көп, таңдау мүмкіндігі де жоғары. Одан бөлек жеке кәсіп­керлерге кеңінен жол ашық. Мем­лекеттік бағдарлама аясында несие алу да оңай. Өзім көпбалалы анамын. Бұл жақта көпбалалы отбасыларға ерекше сый-құрмет көрсетіледі. Әлеуметтік тө­лем­дердің біршамасына жеңілдіктер қарас­тырылған және мерекелерде сый-сыйапаттарын жасап тұрады. Тек туған жерге деген сағыныш көкіректі кернейтіні болмаса, басқасына көңіліміз тоқ, – дейді шығысты тұрақ еткен жерлесіміз.
Жерлесімізбен әңгіме барысында біраз ой түйдік. Бізде бір мамандыққа бірнеше адам таласса, онда бір адамға бірнеше мамандық ұсынылады екен. Бір қуантарлығы, шағын ғана қалада үш бірдей тұрғын үйге оңтүстіктен келген ағайындар қоныстанып үлгеріпті. Яғни 120 отбасы көшіп барып, екі қолға бір күрек тауып, еңбек етуде. Олай болса, жұмыс таппай, ата-анасының зейнетақысына күнелтіп жүрген азаматтарға солтүстікке көш түзе деген ұсыныс білдіреміз.
Ағайын, қазақтың солтүстіктегі жерін игерейік!..
Көктемде ел бойынша күшейтілген карантин режиміне көшіп, екі апталық локдаун шаралары қабылданды. Қазақс­танның әр аймағында қосымша амбу­латориялар мен стационарлар жасақталып, ауруханалардың мате­риал­дық техникалық базасы заманауи медициналық құрылғылармен барын­ша күшейтілді. Дәрігерлер мен меди­циналық персонал саны арт­ты. Жалпы қазақстандық билік те, қатардағы аза­мат та пандемиямен күресте шет қалмады.
Әсіресе дәрігерлерге көп күш түсті. Бұл жөнінде Облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы сана­ториясы ШЖҚ КМК бас дәрігері Ерғабит Ильясов:
– Бірінші толқын кезінде ересек адамдардың ауру жұқтыруы көп болды. Балалар арасында да коронавирус инфекциясымен ауырған жағдайлар болды. Ауырған балаларда бірнеше күн дене қызуы көтеріліп, жөтел байқалды. Жалпы алғанда балаларда бұл ауру бірнеше симптомдармен өтуі мүмкін. Ол кезде бірнеше ағзаның зақымдалуы салдарынан ауру ауыр, көпжүйелі түрде өтеді. Балалар негізінде ересектерден жұқтырады. Сондықтан барлық ата-ана ең бірінші, өз балаларын, отбасын қорғау үшін сақтық шараларын өте қатаң орындап, өзін-өзі оқшаулау бойынша нұсқауларға бағыну керек. Балалардың қарт кісілермен, сондай-ақ аурудың асқыну қаупі бар адамдармен байланысын болдырмау өте маңызды. Сондықтан да қоғамдық орындарда бетперде тағу міндеті орындалуы тиіс, бұл өз кезегінде аурудың алдын алудың алғышарты, – деді.
Тұрғындарды ортақ тәртіпке шақырып, карантиндік ережелерді сақтауды үндеген аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов:
– Әлемдегі эпидемиологиялық жағ­дай күрделеніп, пандемияның екінші толқыны ауқымдырақ болатыны айты­луда. Бұл өз кезегінде адамдардың қауіпсіздігі мәселесіне салғырт қарауы­ның салдарынан өршіп отырғаны жасырын емес. Індеттің алғашқы тол­қыны қаншама жанның өмірін жалмап, жақын туыс-туғандарымыздан айырды. Содан сабақ алып, жақындарымызға қорған бола білейік.Белгіленген шектеу шараларын бұзбай, сақтық шараларын ұстану, бетперде тағып, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау, адам көп шоғырланатын жерлерге бармау, түрлі отбасылық жиындар өткізуден бас тарту – инфекцияны ауыздықтаудың бірден-бір жолы, – деді.
Карантин талабы жеңілдетілген сәттен бастап, жұрт жаппай той-то­малақ жасауға көшті. Оның дәлелі ауыл-аймақтардағы отбасыларында өтіп жатқан көпшілік жиындар. Қауіпті жұқ­палы инфекцияға жеңіл қарап, мән бермеуге болмайды. Әсіресе, егде азаматтар үшін аса қауіпті. Қарттар мен балаларды барынша қорғауға тиіспіз. Ол үшін отбасылық жиындар ас беру, үйлену, қыз ұзату, мерейтойларын өз үйлерімізде өткізуді тоқтату қажет. Өкінішке қарай, шектеу талаптарын сақтамай, карантин ережелерін бұзу фактілері салынған айыппұлдарға қарамастан жалғасуда.
Екіншіден, инфекцияларға бейім тұрғындардың қауіпті топтарына тұмауға қарсы вакцинация жүргізу. Қыс мезгілі тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар, туберкулез, пневмония сияқты инфекциялар жедел таратып, қауіп төндіретін кезеңі.
Сондықтан оларды азайту және алдын алу үшін жеке бастың гигиеналық сақтық шараларын берік ұстанып, бетперде режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, қолды жиі жуып, көпшілік қоғамдық орындарға негізсіз барудан бас тартып, барған жағдайда ұзақ тұрып қалмауды естен шығармауымыз керек.
Сонымен, бірінші толқынды бастан өткердік, ал орын алуы ықтимал екінші толқынға қаншалықты дайынбыз? Міне, мәселенің мәнісі осында. Бастапқы кездегі абдырау мен үйлесімсіздіктер орын алмауы үшін қандай шаралар алынып отыр? Індет өршіп тұрғанда ең қарапайым деген дәрі-дәрмектің дәріханаларда қат болуы, оттегі баллондарын жұрттан жылу жинағандай жағдайға қайтадан душар болмаймыз ба? Ал ең бастысы – осы пандемияның шын қауіп төндіретінін баршамыз да ұғып болдық па?
Әлде бірінші толқын кезіндегідей індет өршіп тұрғанда да той-садақамызды өткізіп, «алатын ауру маскаңа қарамайды» деп, бейқам тірлікпен екінші толқынды да қарсы аламыз ба?
Сайып келгенде барлығы да қоғам мен биліктің жауапкершілігіне тікелей байланысты екендігін түсінуімізде ғой. Бұны нақты түсініп болмай, карантиндік шаралар да, локдаун кезеңдері де, таратылған дәрі-дермегің де құмға сіңген судай болып қала бермек...
Біле білсек, осыдан жүз жылдай бұрын 1919 жылдары тұмау эпидемиясы өршіп әлем халықтарын қынадай қырған болатын. Соның салдарынан тәртіп пен талапқа бағынғандар аман қалып, маскасыз бейқам жүргендер ауырып, соңы өлімге апарып соққанын біреу білсе, біреу білмес. Бұл жағдай біздің елге де келді. Қазір әрбір тұрғын өз өміріне өзі жауапты. Өз денсаулығыңызды ойласаңыз, маска тағуды күнделікті өмір салтыңызға айналдырып, аурудан алшақ болыңыз.
Қысқасы бірінші тоқсаннан алатын сабақ: – Карантиндік ережелерді қатаң сақтау; – Қоғамдық орындарға барған кезде маска тағу, мейілінше адам көп шоғырланған жерлерде ұзақ тұрмау; – Иммунитетті көтеретін медициналық және халықтық жолдарды ұстану және т.б...

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
03 қараша 2020 ж. 499 0