Қызылордада 407 өрт оқиғасы тіркелді
Биыл облыста 8 айда 407 өрт оқиғасы тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға өскен. Атап айтқанда, ғимараттарда – 33 өрт оқиғасы тіркелсе, тұрғын үй секторында – 251, автокөлікте – 80, дала және орман өрті – 38.
«15-ші тамыз және 15-ші қазан аралығы «Өрт қауіпсіздігі айлығы» болып жарияланды. Осыған сәйкес жылу беру маусымы кезеңінде өрттің пайда болуын, адамдардың қаза болуын және жарақат алу қауіп-қатерін азайту мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрмыстағы электр және жылыту қондырғыларын, жылыту пештерін қолдану, мұржаларын тазарту жөнінде үнпарақтар таратылуда» – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Руслан Қайрақбаев.
Өткен жылы жергелікті бюджеттен 5 млн. 480 мың теңге қаржы бөлініп, 3838 дана көмірқышқыл газын анықтайтын датчик сатып алынды. Былтыр тең жартысынан астамы аз қамтылған, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына таратылса, қалғаны биыл беріледі.