№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңақорғанда көмірқышқыл газынан уланудың 6 жағдайы тіркелген

Жаңақорғанда көмірқышқыл газынан уланудың 6 жағдайы тіркелген

2019 жылдың 8 айында Жаңақорған ауданында өрт оқиғасы және өртке жатпайтын жану оқиғасы бойынша 79 хабарлама тіркелген 2018 жылы – 68 хабарлама), оның ішінде 30 өрт оқиғасы (2018 жылы – 26 өрт), 20 өртке жатпайтын жану оқиғасы (2018 жылы - 29), 2 авариялық құтқару жұмыстары (2018 жылы – 2-АҚЖ), 6 көмір қышқыл газынан улану, 2- оттан күйік алу, 7- суға адам кету (2018 жылы – 4 суға кету), 12 басқада хабарламалар тіркелді.

Былтырғы жылдың осы мезгілімен салыстырғанда өрт 13%-ға көбейсе, өртке жатпайтын жану оқиғасы 31%-ға азайып отыр.
Орын алып отырған өрттердің 1 нысандарда, 18 тұрғын үйлерде, 11 автокөліктерде орын алып отыр.
Өрт оқиғалары салдарынан тұрғындарға 6,210,0 теңге шығын келсе, 3150 дана пресс жоңыршқа шөбі мен 600 дана бау қамыс шөбі жойылған.
Өрттің орын аул себебптері: электр желілерінің қысқаша тұйықталуы, автокөліктегі электр сымдарының қысқаша тұйықталуы, тұрмыстық газ аспаптарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі сақтамау, тұрмыстық пештердің ақау, ашық отты пайдалану кезіндегі аңғалдық, т.б. себептер.
2018-2019 ж.ж. жылу беру маусымында тұрмыстық пештердің ақау салдарынан көмірқышқыл газынан уланудың 6 жағдайы тіреліп, салдарына 111 адам оның ішінде 6 бала аудандық орталық ауруханаға түскен.
Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындар тарапынан 2019-2020 ж.ж. жылдардың жылу беру маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тұрмыстық пештер мен газ пештерге сала мамандармен маусымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігін ескертеміз.
Сондай-ақ тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын қатай сақтауға шақырамыз.

Ө. Мүбарак,
Жаңақорған ауданы Төтенше
жағдайлар бөлімінің инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты.
19 қыркүйек 2019 ж. 771 0