№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан көлемінде өрт оқиғасының жыл санап өсіп келе жатқаны байқалады

Аудан көлемінде өрт оқиғасының жыл санап өсіп келе жатқаны байқалады

Биыл аудан көлемінде өрт оқиғасы жиіледі. 2020 жылдың 3 айында аудан көлемінде өрт және өртке жатпайтын жану оқиғалары 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бірнеше процентке артты. Мәселен, өрт оқиғасы 16,6 процентке, ал өртке жатпайтын жану оқиғасы 60 процентке көбейген. Ақпараттарды, өтініштерді есепке алу кітабына өрт оқиғасы және өртке жатпайтын жану оқиғасы бойынша 33 хабарлама тіркелсе, оның 12-сі өрт оқиғасы, 10-ы өртке жатпайтын жану оқиғасы және қалғаны басқа да шығыстар.

Өрт оқиғасының басым көбі тұрғын үй секторларында орын алғанын айта кеткен жөн. Одан кейін автокөлік, кәсіпкерлік нысан және шаруа қожалықтардың жерінде орын алған өрт саны еселенді. Орын алған өртті елді мекен бойынша талдағанда, Жаңақорған кенті көш басында. Шалқия кенті, Төменарық, Қаратөбе, Аққорған ауыл­дық округінде де бір-бір жағдай тіркелді. Батыс Европа – Батыс Қытай авто­жолында да төтенше жағдай орын алды.
Аудан көлемінде өрт оқиғасының жыл санап өсіп келе жатқаны байқалады. Бұл тұрғындардың тұрғын үй аулаларында шаруашылық нысандарында ашық отты пайдалану барысында қауіпсіздік шара­лары сақтамау салдарынан. Әрі электр жылыту құралдарын пайдалану барысында және жылыту пештерін салу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау салдарынан орын алуда. Қазіргі кезде тұрғын үй ауласы мен егіс алқаптарын тазалау кезінде ашық отты пайдалану салдарынан өрттің саны тұрғын үйлер мен егістік жерлердегі жеміс ағаштарының өртенуіне әкеліп соғуда. Ауа райы да құбылмалы, сондықтан тұрғындардан тұрғын үйдің ауласында және басқада жерлерді ашық отты пайдалану тазалау жұмыстарын жүргізуге болмайтындығын ескертеміз.
Сондықтан, әрқайсымыз төмендегідей қарапайым, қолдан келер өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындаумыз қажет. Жылу беру маусымында пеш­тер, қазандықтар және басқа да жы­лу беру құралдары мен жүйелері жөнделіп, тексеруден өткізілуі қажет. Жарамсыз пештер мен басқа да жылу беру құралдарын пайдалануға тыйым салы­нады. Электр өткізгіштердің, ажы­ратқыштардың және ток көздерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз. Электр ас­пап­тарын, плиталарды жарамды күйде қолданып, перделер мен жиhаздардан алшақ, жанбайтын тіреулерде орнатыңыз. Электр аспаптарын бір нүктеге қосуға жол бермеңіз, бұл электр желісінің шамадан тыс қуаттығына әкеп соқтырады.
Үйді жылыту үшін газ плиталарын қолданбаған дұрыс, ашық отты пай­далануда оны бақылаусыз қалдырып, оны жасөспірім балаларға сеніп тапсырып тастап кетпеу керек. Далалық жерлерде егін алқаптарын дайындау кезінде отты бейберекет қойып, жерді ашу мақсатында пайдаланбауы керек. Көктем, күз айларында табиғатқа демалысқа шығып, ашық отты пайдаланып, оның шоғын толық сөндірмей тастап кетпеуі керек. Тұрмыстық және жылыту пештерін салу кезінде өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтау тиіспіз.
Төтенше жағдайлардың алдын алу ша­раларын сақтамау өз меншігіңіз бен денсаулығыңызға және де өзге де аза­маттардың меншігіне, табиғат байлығы мен мемлекет меншігіне мүлкіне үлкен зиян келтіресіз. Осыны ұмытпаған жөн. Есте сақтаңыз, төтенше жағдай немесе өрт оқиғалары болған жағдайда тез арада «101», «112» немесе «23-1-01» телефонына хабарласу керек. Қазіргідей ахуал уақытта жағдайды ушықтырға жол берген абзалырақ болады.

Өскен МҮБАРАК,
Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері.
07 сәуір 2020 ж. 484 0