№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» ӨРТ МӘСЕЛЕСІ ӨРШІП ТҰР

ӨРТ МӘСЕЛЕСІ ӨРШІП ТҰР

  2019 жылдың 3 айында аудан көлемінде 12 өрт оқиғасы тіркелген. Оның ішінде алты өрт оқиғасы тұрғын үй секторында болса, бесеуі автокөлікте орын алған. Ал, біреуі кәсіпкерлік нысанда болған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге көбейген.

– 2018 жылдың 3 айында аудан көлемінде 6 өрт оқиғасы тіркелді. Осыдан-ақ, биыл өрт оқиғасының өршіп тұрғанын көруге болады. Сондықтан, қандай жағдай болмасын абай болғандарыңыз жөн. Әсіресе, күн жылына бастағанда қорада тұрған шөпке бейқам қарамаңыздар.
  Мәселен, биыл үй ауласындағы 700 дана пресс шөп өртке оранды. Барынша мүлікке мұқият болуға шақырамыз, – деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Елжан Шегебаев.
Жалпы, көлік пен үйдегі өрттің басты себептері: электр қондырғыларын, желілерін құру, пайдалануда және тұрмыстардағы жылыту пештерін қолдануда өрт қауіпсіздігі ереже талаптарының сақталмауынан болады екен. Сондай-ақ, отты пайдаланудағы аңғалдық, балдардың отпен ойнауынан және автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтамау салдарынан болып отыр.
Осыған сәйкес, бөлім мамандары өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізуде. Өрт оқиғаларының және улы газдан уланудың алдын алу бағытында азаматтық қорғау органы қызметкерлерімен тұрғын үй секторларындағы тұрғындарға өрт қауіпсіздігін үгіттеу-насихаттау бойынша күнделікті жұмыстар жүргізілуде екен.
Әсіресе, көктем мезгілінде тұрғын үй аулаларында және егіс алқаптарында тазалау жұмыстарын жүргізу барысында өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтауға жіті көңіл бөлуге шақырады. Сонымен қатар автокөлік егелері тарапынан автокөліктердің газ қондырғылары мен электр жүйелеріне тиісті сала мамандарымен қадағалау жұмыстарын жүргізіп отырса дейді. Автокөліктерді жарамды өрт сөндіргіштермен қамтамасыз ету қажет. Бұл өз кезегінде орын алған өрттерді дер кезінде сөндіруге ықпал жасайды.
Бір қуантарлығы өрттен қаза болған және жарақат алған тұрғындар жоқ. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар бөлімі суға түсу маусымы келе жатқанын ескертеді. Былтыр аудан көлемінде суға батып кету дерегі бойынша бірнеше жас қыршыннан қиялған болатын. Сондықтан, осы жағдайды ескеріп, ата-аналар абай болғаны абзал.

Нұрсұлтан ҚАМБАРОВ.
---
03 сәуір 2019 ж. 1 158 0