№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төтенше жағдайдың алдын алу маңызды

Төтенше жағдайдың алдын алу маңызды


2019 жылы аудан көлемінде 43 өрт оқиғасы орын алып, оның 27-і тұрғын үй секторында тіркелді. Алты дерек бойынша көмір қышқыл газынан улану оқиғасы орын алса, өрт салдарынан тұрғын үйдің ауласындағы 5300 пресс жоңышқа, 600 бау қамыс, 2 тіркеме бос шөп өртке айналды. Автокөлктердегі өрт оқиғасы салдарынан бір жасөспірім бала қаза тапты.

Жылу беру маусымы басталғалы бері тұрғын үйлердегі тұрмыстық пештердің ақауы салдарынан тұрғын үйлерде өрт оқиғалары мен пештерден түтін шығу салдарынан адамдардың улануы көбейетіні анық. Оның алдын алу үшін тұрғындар тұрмыстық пештерге маусымдық жөндеу жұмыстарын жүргізгені абзал.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында бөлім тарапынан «Көмір қышқыл газынан сақтану» тақырыбында үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Жаңақорған кенті мен елді-мекендерді аралап, көп балалы 43 отбасыға, аз қамтылған 22 отбасына және жалғыз басты 10 ананың отбасыларына көмірқышқыл газының автономдық датчигі орнатылды. Әлі де жұмыстар жүргізіледі.
Бұл автономды датчиктер тұрғын үйлерде түтіннің исі шыққан жағдайда дабыл қосылып белгілі береді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табады. Қалай десек те, қандай жағдай болмасын сақ болғаныңыз жөн.
Төтенше жағдайларға жол бермес үшін аудан тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын қатаң сақтауды ескертеміз. Жылу беру маусымында пештер, қазандықтар және басқа да жылу беру құралдары мен жүйелері жөнделіп, тексеруден өткізілуі қажет. Екіншіден, жарамсыз пештер мен басқа да жылу беру құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ, тұрмыстық газ қондырғыларын ережеге сай орнатып, пайдалану барысанда өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтаған жөн.
Электр өткізгіштердің, ажыратқыштардың және ток көздерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалап, электр аспаптарын бір нүктеге қосуға абай болу керек. Электр желісінің шамадан тыс қуаттығына әкеп соқтырады. Әсіресе, аудан орталығындағы кәсіпкерлік нысанның басшылары осы ережелерді қатаң сақтағаны абзал.

Өскен МҮБАРӘК,
аудандық төтенше жағдайлар
бөлімінің инженері
27 қараша 2019 ж. 1 416 0