№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҮЙРЕК ӨСІРУДІҢ ӨРІСІ КЕҢЕЙМЕК

ҮЙРЕК ӨСІРУДІҢ ӨРІСІ КЕҢЕЙМЕК


«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінің Төртінші басымдығында жаппай кәсіпкерлікті дамытудың тетіктері нақтыланды. Құжатта көрсетілген міндеттерді Үкімет пен қаржы институттары жан-жақты зерделеуде. Ал, Қызылорда облысында кәсіпкерлікті дамытудың жолы белгілі. Яғни, «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» аясында шағын және орта бизнес саласына қан жүгіруі тиіс. Бұл бағытта Сыр өңірі жаңа жобаларды іске аса бастады. Соның бірі – құс шаруашылығы саласын дамыту бойынша пилоттық жоба. Жобаның негізгі мақсаты – жеке қосалқы шаруашылық жағдайында үйрек балапандарын өсіріп, ет бағытында сапалы өнім алу. Себебі, нарық бағамында құс өніміне деген сұраныс жоғары.
Биыл тұңғыш рет жүзеге асқалы отырған жоба тәжірибе жүзінде сыналмақшы. Оның тиімділігі қандай? Кәсіпкерлер балапандарды қалай ала алады? Осы сауалдарға нақты жауап алу мақсатында жауапты сала мамандарымен тілдесіп көрген болатынбыз.
– Жаңақорғанда бастау алатын бұл жоба нәтижесін берсе, келер жылы барлық ауданда іске қосатын боламыз. Облыс басшысы биылғы жылды жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жариялады. Сондықтан, аймақта кенде қалып келе жатқан құс шаруашылығын дамытуды жоспарлап, іс жүзінде жүзеге асыруды жөн көрдік. Жалпы, құс бағытына 500 млн. теңге қаржы көзін бөлу жоспарда болса, осы үйрек шаруашылығына 50 млн. теңге бөлінді. Ендігі мақсат сапалы өнім алу. Ең бастысы, тұрғындарды ынта болса болғаны, көмектесуге дайынбыз, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов.
Алдымен, жобаның тиімділігіне келсек. Біріншіден, үйрек балапандарын сатып алу және өсіргеннен кейін оны өткізу көздері нақтыланған. Яғни, тұрғындар Қызылорда қаласындағы «Орда» құс шаруа қожалығының үйрек балапанын 300 теңгеге сатып алады. Сосын орта есеппен балапанға екі айда жеміне 500 теңге кетеді. Демек, бір үйрек балапанына 800 теңге жұмсалады. Екі айдан кейін арнайы мамандар үйректің келісін 800 теңгеден сатып алады. Ал, екі айда үйректің балапаны кемінде екі келіден жоғары қосады. Сонда бір балапаннан 800 теңге пайда түседі. Міне, сала мамандарының есебі осындай. Жобаның пайдалы тұсы, 1000 бас құс балапанынан төмен есеппен 800 000 теңге үлесіңіз қалады.
Үйрек өсіруді ұйымдастыру мерзімі 4 ай. Яғни, сәуір мен тамыз айлары. Төрт айда екі айналым жасауға жақсы мүмкіндік туындап отыр.
Енді оны қалай күтіп, баптау керектігін аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Тұрғанәлі Базарбаев жауап берді.
– Үйректі өсіруді ұйымдастыруға екі дана сетка керек. Бірінші сеткаға 1000 бас балапан 15 күн бағылады. Екінші сеткаға 3000 басқа дейін үйрек сыяды. Уақытысы келгенде «Экопродукт» ЖШС әрбір үйрек келісін 800 теңгеден өздері келіп алып кетеді. Жалпы айтқанда бұл өте тиімді бастама. Әсіресе, шағын кәсіп иелерінің тұрмысын түзеуге мол септігін тигізеді. Ең бастысы үй жағдайында дамытуға болады, – деді ол.
Жобаны негізгі қаржыландыру көзі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мен «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы». Үйректі өсіріп бордақылау бойынша жұмыстарын ұйымдастыру алгоритмі аясында алынатын несие көлемі – 2 544 000 теңгені құрайды екен.
Пилоттық жобаны іске асыру климаты қолайлы Ақүйік ауылдық округі бекітілген. Сондықтан, осы кәсіппен айналысуға ниетті тұрғындар ауылшаруашылық бөлімі арқылы жобаға қатысуға болады. Бүгінде Ақүйік ауылдық округінде жеке қосалқы шаруашылық жағдайында және Бірлік елді мекенінде орналасқан «Қаратау-Ақүйік» АӨК мүшелерінің арасынан үйрек балапандарын өсіруге қызығушылық танытып отырған азаматтардың саны 14-ке жетіпті. Олар 23 000 бас үйрек алуға өтініш берген. Соның ішінде 2000 дана үйрек балапанын алуға ниетті Нұрмет Кубелеков жобаның тиімді тұстары көп дейді.
– Құс шаруашылығы маған таңсық емес. Алайда, үйрекке келсек, бұл құстың қазіргі кезде сұранысы артып келеді. Сондықтан, бұл жобаны қолдай отырып, 3000 бас балапан алуды жоспарлап отырмын, – деді кәсіпкер.
Қорыта айтқанда, жұмыссыздық деңгейін төмендету және шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауылдық жерлерде өзін өзі өнімді еңбекпен қамтитын адамдар санын ұлғайту үшін құрылған пилоттық жобаның мақсаты айқын. Тек ауыл тұрғындары тиімді жобаға белсенді қатысып, әлеуетін арттыра алса болғаны...

Әли ТЕМІРБЕК.
03 сәуір 2018 ж. 2 632 0