№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » COVID-19: Қызылордада соңғы тәулікте 10 жағдай тіркелді

COVID-19: Қызылордада соңғы тәулікте 10 жағдай тіркелді


 Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 290-ға жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 225. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Жаңадан 10 дерек тіркелді. Оның 9-ы індет жұқтырғандармен байланыста болса, 1-еуі скринингтеу барысында анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін алуда», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған– 3856 азамат анықталды. Оның ішінде, 2151-і жақын қарым-қатынаста, 1705-і жанама байланыста болған.
24 мамыр 2020 ж. 956 0