Құрылтай

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандармен 643 адам байланыста болған

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандармен 643 адам байланыста болған

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 26 науқаспен 643 адам байланыста болған. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған 26 науқас анықталды. Олармен байланыста болғандардың саны – 643. Жақын қарым-қатынаста болғандар саны – 231, потенциальды байланыста болғандар 412 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда осы байланыста болғандардан 13 адам правизорлық стационарға, 218 адам карантинге оқушауланды», – деді Жақсылық Абдусаметов.

Басқарма басшысының айтуынша, Қызылорда облысына қауіптілік деңгейі 1 (А) елдерінен барлығы 20 адам келген. Оның алтауы – стационарға, 14 үй карантиніне жатқызылған.
02 сәуір 2020 ж. 1 096 0