Соңғы жаңалықтар

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Коронавирус: 25-ші науқас – Жаңақорған ауданында анықталған

Коронавирус: 25-ші науқас – Жаңақорған ауданында анықталған

   Қызылорда облысында коронавирус жұқтырудың тағы 1 оқиғасы тіркеліп, жалпы саны 25 науқасқа жетті. Бұл туралы өңірлік коммункикациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
Қызылорда облысында тағы 6 адам коронавирус жұқтырды

«Бүгінгі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 25 адамға жетті. Қазіргі күні анықталған 25-ші науқас – 28 жастағы ер адам, Жаңақорған ауданының тұрғыны. Ол осы ауданда алдында анықталған науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан оқшауланған болатын. Бүгінде жағдайы қанағаттанарлық. Жалпы, облысымызда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста, байланыста болған 485 адам анықталды. Оның 133 – карантиндік стационарда, 302 – үй карантинінде жатыр», – деді Жақсылық Абдусаметов.

Басқарма басшысының айтуынша, облысымызда коронавирус инфекциясын жұқтырған 25 науқастың барлығы қазіргі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр.
01 сәуір 2020 ж. 1 694 0