Соңғы жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛДАН ЧЕМПИОН АТАНДЫ

15 қыркүйек 2026 ж. 93

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » COVID-19: бүгін жаңадан 7 жағдай тіркелді

COVID-19: бүгін жаңадан 7 жағдай тіркелді


Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 279-ға жетті. Ал сауығып шыққандар саны - 219. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Жаңадан 7 дерек тіркелді. Оның төртеуі- коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған. Ал үшеуі – көпбейінді қалалық аурухананың фильтр кабинетінен анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін алуда», - деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған – 3695 азамат анықталды. Оның ішінде, 2051-і жақын қарым-қатынаста, 1644-і жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.
#Қызылордаоблысы
#Сырелі
#РСК
22 мамыр 2020 ж. 921 0