№47 (8961) 23

23 маусым 2026 ж.

№46 (8960) 20

20 маусым 2026 ж.

№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Covid-19: жаңадан 5 жағдай тіркелді

Covid-19: жаңадан 5 жағдай тіркелді


Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 260-қа жетті. Ал сауығып шыққандар саны -216. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Жаңадан 5 дерек тіркелді. Оның екеуі – Қазалы ауданынан. Олар Атырау облысынан келген вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің арасынан анықталды. Ал үшеуі- Қызылорда қаласынан. Науқастардың барлығы індет жұқтырғандармен байланыста болған. Қазіргі таңда жағдайлары бірқалыпты , емдерін алуда», - деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған– 3582 азамат анықталды. Оның ішінде, 1990-ы жақын қарым-қатынаста, 1592-сі жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.
#Қызылордаоблысы
#Сырелі
#РСК
20 мамыр 2020 ж. 1 417 0