№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Онлайн: алаяқтар озды

Онлайн: алаяқтар озды


Алаяқтардың айла-тәсілі көп болып тұр. Әсіресе төтенше жағдай кезінде көмек қолын созып, жұртты алдап, арбағандар тіркелді. Бұқараны қармағына ілдіргендердің дені әлі де белгісіз. Мұндай арбауға алданып қалғандардың қатарында жаңақорғандықтар да жоқ емес. Түрлі әдіспен ақша табудың, несие алудың жолын ұсынғандардың уысынан шыға алмаған аудан тұрғындары қолын мезгілінен кеш сермеп қалды.


Бұл туралы аудандық поли­ция бөлімі хабарлады. Мән-жай­ды білу үшін құзырлы орган қызметкерлерімен байланысқа шықтық.
– Алаяқтар әдіс-тәсілдерін жаңар­тып, жетілдіре түсуде. Талайды тақырға отырғызған алаяқтардан абайламаса болмайды. Жыл басынан бері Жаңақорған АПб-нің қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаларды тіркеу кітабына 3 дерек тіркелді. Олар сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ал былтыр бір жылда 17 іс тіркелді, – деді полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рахымжан Сұлтанқұлов.
Қазір әлеуметтік желі деген жақсы болды ғой. Жаңалық та осында, алаяқтар мен саудагерлер, алыпсатарлардан көз сүрінеді. Несие алып беру, түрлі әлеуметтік желі арқылы сауда-саттық жасау, электронды ойын автоматтары, банк карточкалары арқылы табыс табу және осы секілді арбаулар кейінгі кезде шектен шықты. Оларды құрықтау қиын болып тұр. Жаңақорғанда тіркелген үш жағдай әлеужеліде алданған екен. Соны саралап кеөрсек.
Мәселен, кент тұрғыны, жәбір­ленуші Н есімді азаматша өзін Ержан С деп таныстырған азаматқа алданып қалған. Ол «әлеуметтік желіде» банктен несие алып беремін деп сеніміне кіріп, терминал арқылы өз есебіне еңбек ақысы ретінде ұялы телефонына 17 350 теге салдырып алған. Артынша хабарласқанда ұялы байланысы сөндірулі. Осы дерекке ұқсас тағы жәбірленуші А есімді азаматша 25 000 теңгесінен қағылған. Ол да өзін бүркеншік атымен таныстырған азаматшамен «ВК» желісі арқылы танысқан. Жбәріленушіге банк жүйесіндегі қара тізімнен алып тастап, үлкен көлемде несие алып беремін деп сеніміне кіріп алған. Содан еңбекақысын алып, «ВК» желісін біржола өшіріп тастаған.
Қазір статистикалық мәлімет бойын­ша, елде алданғандардың көбісі несие алып беру бойынша құрыққа түсіпті. Сондай-ақ төлем картасын пайдаланарда сақ болмасаңыз, аңдып жүрген алаяқтар аз емес. Төлем картасын пайдаланушылар санының күн санап артуы алаяқтардың түрлі әдіс-тәсіл арқылы жымысқы тір¬лікке баруына жол ашуда. Олар бүгінде жымқырудың астыртын әдісін де мең¬герген. Ол үшін төлем картасының нөмірі, пайдалану уақыты мен жеке CVV коды, яғни төлем картасы иесінің қолтаңбасы жанындағы 7 санның соңғы 3 нөмірі ұрылардың қолына түссе, өздері үшін керекті мәліметті алуға жетіп жатыр.
Ал аудандағы тағы бір жағдай, көлік құралына іздеген затын жеткізіп беремін деген алаяқ кент тұрғынын тақырға отырғызып кеткен. Өзін Петр деп таныстырған Семей қаласының тұрғыны «WhatsApp» интернет желісі арқылы жәбірленушіге хабарласқан. Алаяқ өзін жәбірленушіге оған керекті «МерседесС200» маркалы автокөлігіне қажетті мотордың бар екенін жеткізген. Оны 200 000 теңгег бағалап, Шымкент қаласына дейін жеткізіп беруді мойнына алған. Келісілген уәде бойынша Петрдің есеп шотына каси голд арқылы жаңақорғандық азамат алдымен 180 000 теңге аударып, үстіндегі 20 мың теңгені мотор қолға тигеннен кейін беретінін жеткізеді. Уәде уәде, ақша аударылды, артынша ол нөмір сол күйі сөндірулі.
– Бұл бергі жағы, одан да алаяқтық әдістер өте көп. Мұндағы қателік ең бірінші тұрғындардан болып отыр. Күдікті адамның есепшотына ақша аудармас бұрын, алдымен оның ресми құжатын тексеру керек. Лицензиясын көру міндетті, «egov-тан» нақтылап көріп алған өте абзал болатын еді. Ал оларды қолға түсіру өте қиын. Себебі, олар тек жәбірленушілері арқылы бір ұялы телефонмен байланысып отырады. Басқа адамдармен ол нөмірмен сөйлеспейді, керек қаражаттарына қол жеткізгеннен кейін нөмірді қоқысқа тастай салады. Керек болса телефонын да біржолата көзін құртады, сондықтан мейлінше абай болғандарыңыз жөн, – деді Р.Сұлтанқұлов.
Аудандағы аталған оқиғалар бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Жалпы кез келген алаяқтың ең басты міндеті сенімге кіру. Көбісі сенбеуі мүмкін, алайда жеке куәліктің оригинал суретін жібергенде ғана ауадан ақша жасағысы келетін аңқау қазақ алданғанын кеш түсінеді. Бірақ жеке куәлік басқа біреудікі. Оны алудың жолы оңай деді тергеуші. Ол үшін министрлікке немесе жоғары жаққа арыз, өтініш тастағандардың міндетті түрде жеке куәлігі «скайнерлеп» оригинал етіп жіберіледі екен. «Осы кезде алаяқтар сайтқа кіріп өтініш берушілердің куәлігін сақтап алады. Сосын соны құрбандарына жібереді, олар сосын сенеді. Одан бөлек біреудің жоғалған немесе ұрлап алған жеке куәліктерін де пайдасына асырады. Сонда ғана тұрғындар сенеді» дейді ол.
Міне өздеріңіз көргендей елді арбап-алдаудың түрлі айла-тәсілдері бар екен. Ірі мегаполистерде тіпті үй алып берушілердің әрекеттері әшкереленіп жатыр. Ал біз айтқан кішігірім қылмыстардың артында үлкен күш жатыр. Сондықтан қандай байлық болсын маңдай термен келетінін ұмытпаған жөн, ағайын!

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
16 мамыр 2020 ж. 677 0