№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СОТ ӨНДІРІСІНДЕГІ СЕРПІЛІСТЕР

СОТ ӨНДІРІСІНДЕГІ СЕРПІЛІСТЕР


Ауданда мал ұрлығымен қатар есірткі пайдаланушылар мен алаяқтар көбейген. Мәселен, 2017 жылы аудандық соттың өндірісіне келіп түскен 122 адамға қатысты 99 қылмыстық істің 13-і есірткі затын тұтыну дерегі бойынша тіркелген. Сондай-ақ, алаяқтыққа байланысты істер де аз емес. Бұл жөнінде брифинг барысында аудандық соттың төрағасы Нұрлыбек Қосановтан білдік.
Алдымен, төраға қылмыстық істер бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– 2017 жылы есепті мерзімде сот өндірісінде тұрғындар тарапынан түскен қылмыстық істер шешімін тауып, аяқталған іс саны өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға артты. Оның ішінде теріс қылық бойынша – 33, ауыр санаттағы қылмыстық іс – 13 және жекеше айып бойынша – 8 іс және тағы басқа қаралды. Жекеше айыппен түскен сегіз істің екеуі келесі есептік кезеңге қалды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық бойынша үш іс тіркелді, – деді Нұрлыбек Оразбайұлы.
Оның сөзінше, 2017 жылы басты сот талқылауында процестік келісіммен келіп түскен істер де бар. Нақтысын айтқанда, 4 іс тіркеліпті, бұл өткен жылмен салыстырғанда азайған. Яғни, 2016 жылмен салыстырғанда 5-ке кеміген.
Енді шешімі шыққан істерді қысқаша тоқталсақ. Аяқталған қылмыстық істің 55-іне айыптау үкімі шықса, 35 іс бойынша қаулы шығарылған. Сонымен қатар, төрт іске қатысты ақтау үкімі шықса, бесеуіне іздеу жарияланыпты. Сыбайлас жемқорлықтың да саны аз емес. Жалпы, осы мерзімде қаралған қылмыстық істер бойынша 19 жекеше қаулы шығарылыпты. Ал, ҚР «Медиация туралы» Заңы аясында 26 іс тоқтатылып, сотталушылар қылмыстық жауаптылықтан босатылған. Медиация демекші, қазіргі уақытта бұл қызметке жүгіну жолға қойылып келеді.
Енді азаматтық істер бойынша саралап көрейік. Былтыр аудандық сотқа барлығы 862 арыз түсіп, оның 617-не іс қозғалып, сот өндірісінде қабылданған. Қаралу барысында 241 іс бойынша сот бұйрығы шықса, 493-не шешім шығарылыпты. Тоқтатылған істердің саны 15-ге жетсе, 18-і соттылығы бойынша жолданып, 5 талап кері қайтарылған. Ал, «Медиация туралы» Заңы аясында 41 азаматтық іс аяқталыпты. Жалпы, азаматтық істердің басым көбі отбасылық жағдайға келіп тіреледі. Неке бұзу, алимент өндіру және тағы басқа.
Сондай-ақ, қаралған азаматтық істер бойынша 41 жекеше ұйғарымдар қабылданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда алты есеге көп.
– Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 2017 жылы аудандық соттың өндірісіне 504 іс тіркелді. Оның ішінде 2 әкімшілік іс соттылығы бойынша қайтарылды. 350 іс бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылып, 51 іс тоқтатылды. Әкімшілік жаза тағайындалған 220 адамға айыппұл салынып, 85 адам әкімшілік қамауға алынды. 133 адам арнайы құқығынан айырылса, 6 адамға ескерту жасалынды, – деді сот төрағасы.
Жалпы, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша салынған айыппұл 7 550 575 тенгені құраған. Соның ішінде өз еріктерімен 2 818 690 теңгесі төленіпті.
Қысқаша айтқанда, 2017 жылы аудандық сотта атқарылған тындырымды тірліктердің тетігі осындай. Әрине, істер азаймайды, алайда оған жауапкершілік пен қарап, ел сенімінен шыға білетін сот төрелігі қашанда назарда.

Әлібек ТЕМІРБЕК.
20 ақпан 2018 ж. 1 215 0