№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МАЛ ҰРЛЫҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

МАЛ ҰРЛЫҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ


Жыл сайын Жаңақорған ауданында мал ұрлығы азаяр емес. Мәселен, ауданның полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне мал ұрлығының 18 дерегі тіркеліп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 5,9 пайызға өсті.


Ұрланған малдың 15 дерегі өрісте жоғалса, қалғаны қорадан жоғалып отыр. Соңғы кездері мал ұрлығы фактісінің өсуі малды күнделікті қарап-қадағалап, түгендемеу салдарынан да болып отыр. Себебі, оның жазғы-қысқы бағымы, азығы, суаруы, тұратын орнының жайлылығына мал иесі жауапкершілікпен қарау керек. Осы тұста жыл басында аудан әкімдігі мен барлық ауылдық округ әкімдеріне елді-мекенде бақташы ұйымдастыру туралы аудандық полиция бөлімінен ұсыныстар жолданған болатын.
Нәтижесінде қазіргі кезде 11 елді мекенде ірі қара малды падамен бағу жұмыстары жолға қойылды. Енді қалған ауылдар да осы бастаманы тиімді ұйымдастыра білуі керек-ақ.
ҚР Ішкі істер министрлігінің №854 бұйрығының талаптарын іске асыру бағытында «Бөтен мүлікті ұрлауға қарсы іс-қимыл» жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламасы жүйелі жүзеге асуда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – мал ұрлығының алдын алу бағытындағы шараларды жүзеге асыру. Жоспарда мал ұрлығын ашу және тергеп-тексеру бойынша кент және ауыл әкімдіктерінің, ветеринариялық инспекциялардың және ІІО қызметкерлерімен бірлесіп, тиісті ілеспе құжаттарынсыз мал тасымалдау фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шараларды үнемі өткізу көзделген. Егер сейсенбі, сенбі күндері мал базарына сатылатын төрт-түліктің құжаттары тексеріліп, ветеринария саласындағы заң бұзушылықтар анықталған жағдайда иелері ҚР әкімшілік-құқық бұзушылық Кодексінің 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Қорыта айтқанда, мал ұрлығын азайтуға байланысты жұмыстар қатаң жүргізіледі. Сондықтан алдағы уақытта базар айналасындағы алып сатарлар да бақылауда болады.

Айбол ЖОЛДАСБАЕВ,
Аудандық полиция бөлімінің орынбасары,
полиция подполковнигі.
28 сәуір 2019 ж. 1 844 0