№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық процестерді оңтайландыру»

«Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық процестерді оңтайландыру»


Жаңақорған аудандық соты, аудандық прокуратура және полиция бөлімі арасында қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық процестерді оңтайландыру бойынша өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен 20 қараша 2019 жылы Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында «Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық процестерді оңтайландыру»  тақырыбында семинар  өткізілді.
Іс-шараға Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Ә.Б.Түбекбаева, Жаңақорған аудан прокуроры Д.Е.Әбіш, Жаңақорған ауданының полиция бөлімінің басшысы Ғ.А.Тұрсекеев және прокурорлар, полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Шара барысында аудандық сот төрағасы Ә.Б.Түбекбаева қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық процестерді оңтайландыру мәселелері бойынша азаматтардың мүддесі үшін, яғни азаматтарды артық әуре-сарсаңға түсуден арылту, дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарының қолдануын кеңейту және құжат айналымын қысқарту мақсатында  және сотқа дейінгі татуласу механизимдерінің біркелкі тәжірибесінің қалыптасуына өз тарапынан тәжірибелік көмек көрсетті.
Сонымен қатар сот төрағасы сот өндірісінде қаралған  әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер  және қылмыстық істер бойынша ішкі істер органы тарапына шығарылған  жекеше қаулылардың негіздеріне тоқталып,  заңда көзделген мерзімде орындалу барысында атқарылып жатқан мәселелерді атап өтті. Полиция қызметкерлеріне сот саласына енгізілген жаңашылдықтар таныстырылып, оларды кеңінен қолдануды ұсынды.
Өз кезегінде аудан прокуроры Д.Әбіш пен полиция бөлімінің басшысы Ғ.Тұрсекеев қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық процестерді оңтайландыру бағытында жасалатын іс-шараларға тоқталды.
Семинар барысында полиция қызметкерлері өз тәжірибесінде туындаған қиындық тудыратын мәселелер бойынша сұрақтарын ортаға салып, оларға  тиісінше жауап берілді.
Шара соңында тараптар азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық процестерді оңтайландыру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастықты жүзеге асыру  жайлы Меморандумға қол қойды.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
22 қараша 2019 ж. 1 080 0