№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сақтық шаралары күшейтілді. Енді ортақ тәртіпке бағыну міндет

Сақтық шаралары күшейтілді. Енді ортақ тәртіпке бағыну міндет

Жаңақорған ауданы көлімінде карантин жариялануына байланысты қатаң режимді жұмыс жүруде. Қазір барлық елді мекен мен аудан орталығына кіріп-шығатын жолдарға блок-пост қойылды. Мұны Жаңақорған аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Айбол Жолдасбаев хабарлады.

Оның сөзінше, қазір Жаңақорған кентіне кіріп-шығатын төрт жолға блок-пост қойылды. Одан бөлек, Түркістан облысымен шектесетін Бесарық, Көктөбе ауылының маңына санитарлық блок-пост жұмыс істейді. Ауылдық округтерге кіретін жолдар да жабылды.
– Аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне және санитарлық пункт ретінде белгіленген Жаңақорған агро-техникалық колледжінің жатаханасына бір-бір бекет қойып, полиция қызметкерлері кезекшілікпен қызмет етуде.
Жаңақорған кентінің тұрғындары дүкенге азық-түлік алуға және дәріханаға дәрі-дәрмек алуға ғана шығады. Қалған жағдайда үйде отырғаны абзал. Себебі, жұқпалы дерттің алдын алудың ең тиімді жолы – үйде отыру, – дейді полиция подполковнигі.
Естеріне сала кететіні, 1 сәуір сағат 14.40-та Қазақстан бойынша 369 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Оның 24-і Қызылорда облысында тіркелсе, Жаңақорған ауданы бойынша 15 науқасқа жетті.
01 сәуір 2020 ж. 969 0