№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сот практикасының жекелеген мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Сот практикасының жекелеген мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының 2020 жылғы 6 мамырдағы №9 қаулысымен бекітілген төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сот практикасының кейбір мәселелері бойынша берілген №1 түсіндірмесіне және Қазақстан Республикасында Төтенше жағдай енгізу кезінде және одан кейінгі кезендерде аймақтағы жағдайларды анықтау, тиісті шешім қабылдау бағытындағы Қызылорда облыстық сотының іс-шаралар жоспарына сәйкес Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен онлайн режимінде семинар өткізілді.
Шараға аудандық сот төрағасы Ә.Б.Түбекбаева, судья Э.Рыскулов, аудан прокуроры Д.Әбіш, аудандық полиция бөлімінің бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Р.Сұлтанқұлов, "Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" КММ-нің заңгері Ж.Дүйсенбаева, аудандық заң кеңес беру бөлімінің адвокаты Г.Увайдаева және кәсіпқой медиатор А.Жәнібеков «Trueconf» мобильді байланысы арқылы қатысты.
Сот төрағасы Ә.Түбекбаева өз сөзінде кездесудің мақсаты-қоғамды төтенше жағдай кезіндегі сот тәжіриебісінің жекелеген мәселелері және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының түсіндірмелерінің мәні туралы хабардар ету екенін атап өтті.
Сондай-ақ Жоғарғы Соттың түсіндірулері туралы айта келе, ТЖ режимін енгізу еңсерілмейтін күш жағдайы болып табылатынын және ТЖ-ны еңсерілмейтін күш жағдайлары ретінде дәлелдеу үшін, жеке талаппен сотқа жүгіну қажет емес екенін, өйткені ТЖ дәлелдеуді талап етпейтін жалпыға белгілі факт болып табылатынын айтты.
ТЖ режимі шеңберінде шаралар мен шектеулерден туындаған міндеттемелерді орындамау мүліктік жауаптылыққа әкеп соқпайтынын, Тж салдарынан міндеттемелерді орындамауға байланысты дауларды шешу кезінде соттар адалдық, парасаттылық және әділдік қағидатын басшылыққа алуға тиіс екенін атап өтті, Сондай-ақ форс-мажор тараптардың міндеттелередің ұзартуға әкеп соғатынын, бұл ретте тарап 30 күн бұрын хабарлай отырып, сотқа дейінгі тәртіпті орындай отырып, шарттан бас тарта алатынын, төтенше жағдай режиімі талап қою мерзімінің ескіруі ағымын тоқтата тұруға әкеп соғатынына, төтенше жағдай енгізілуіне байланысты процестік мерзімдер қалпына келтірілуі мүмкіндігіне тоқталды.
Сот төрағасы Қылмыстық және Қылмыстық-процестік, әкімшілк құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану жөніндегі сұрақтарға түсіндірме берді.
Мәжіліс соңында қатысушылар талқыланған түсіндірмелердің тиімділігін, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты экономиканы қолдауға, халықтың әл-ауқатын арттыруға, қоғамда келісімдікті, тұрақтылықты сақтауға бағытталғанын атап өтті.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
15 мамыр 2020 ж. 950 0