№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ақындар Facebook-те сөз жарыстырды

Ақындар Facebook-те сөз жарыстырды


Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйытқы болуымен ақындар әлеуметтік желіде сөз таластарды. Нақтысын айтқанда, facebook-тегі «Жаңақорған мәдениеті мен өнері» парақшасында «Айтыс-battle» жобасы аясында «Біз жырлайық жалындап» атты сөз аламына жеті ақын қатысты.
Ақындардың шабытын Қазақстан Жастар одағының сыйлығы иегері, белгілі ақын Әбілқайыр Сыздықов, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын Кенжебай Жүсіпов, «Алтын домбыра» иегері, ақтаңгер ақын Мұхтар Ниязов саралап, әділ бағасын берді.
Дәстүрлі айтыстағыдай ақындарды көрермендер қолдап отырмаса да, әлеуметтік желіде пікірін білдіріп, өлеңін талдап, сәттілік тілесті.
«Заман қайда барады, ақыным?» деген тақырыпта сөз таластырып, ой жарыстырған ақындар әлеуметтік желіде әлеуметтік түйткіл-түйткіл мәселелерін қаузады.
Бекжан Ержігіт пен Әсем Іздібаева айтысында:
– Ауылдарға су кірмей жол сал­майды,
Ал бірақ кіріп жатыр қала сәні.
Газды ауыл көреді тек түсінде,
Өңінде көрмес ондай тамашаны, – деген Бекжан көптің көкейіндегі ойды дөп басты.
«Ошақтың бұты үшеу болғанмен,
Қазаным біреу еді.
Үш жүзге бұра тартқанмен,
Қазағым біреу еді ғой!» деген тіркес талайдың есінде.
Осындай өрнек Алма Нығметқызы мен Бекжан Ержігіт арасындағы айтыста көрінді:
–  Орта жүздің рулары екеуі де,
Бір қазақпыз ұраны көкейімде.
Тәубеге түспесе егер адасқандар,
Шама келмес бұл ұғымды өзгертуге, – деп түйіндеді Алма ақын.
Желкенімізді желден бұрын ел көтерсе деп сахнада емес, ғаламторда дидарласқан ақындардың айтысы 22 күнге созылды. Сарапшылардың шешімімен бірінші орынды Шие­лі ауданының ақыны Бекжан Ержігіт иеленді. Екінші орыннан жаңақорғандық Азамат Қайратұлы көрінді. Ал үшінші орын аралдық Әсем Іздібаева мен жаңақорғандық Алма Нығметқызына бұйырды. Ақындардың сөз саптауы мен шығармашылық әлеуетіне баға берген сарапшылар әлі де көп еңбектену керектігін айтты.
– Сөз өнерінде үнемі ізденген, еңбектенген ақын биіктен көрінеді. Жаттанды сөзді қолданып, асыл өнерді төмендетпеу керек. Әр айтыскер өзіне осындай талап қойғанда ғана дамиды. Жалпы «Біз жырлайық жалындап» атты әлеуметтік желіде өрбіген ақындар айтысында елдің көкейінде жүрген мәселелер қозғалды. Желінің белсенділері мұны жақсы қабылдап, өздерінің пікірін білдірді. Бұдан шығатын қорытынды – қазақ айтысты қандай жағдайда болмасын көреді, тыңдайды және бағалай біледі, – деді жобаның жетекшісі Талап Тотаев.
Сөз аламына түскен ақындар әлеу­­меттік желіде айтысудың өзін­дік қиындықтары болғанымен, шын жүйрікке ешнәрсе тосқауыл бол­майтынын, алдағы уақытта айтыстың осы форматында жыр додасы өтетін болса, қатысатындарын жеткізді.
– Айтыстың жаңа форматында тұңғыш рет шықтым. Басында көрерменсіз өткен айтыстың деңгейі төмен болатындай көрінді. Бірақ facebook-тің белсенділері пікір жазып, демеу көрсеткеннен кейін онлай айтыстың мән-маңызын түсіндім, – Азамат Қайратұлы.
Айта кететіні, М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі «Айтыс-battle» жобасы аясында алдағы уақытта мектеп оқушылары арасында сөз додасын ұйымдастыруды қолға алады. Мұны тіл өнерінің жанашары Алма Нығметқызы айтты.

Айжарқын САДЫБАЙҰЛЫ
28 сәуір 2020 ж. 854 0