№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » АЛТЫН ДОМБЫРА ИЕСІН ТАПТЫ

АЛТЫН ДОМБЫРА ИЕСІН ТАПТЫ

Астанада Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Астанам, сенсің айбарым!» атты республикалық ақындар айтысының жүлдегерлері анықталды, – деп жазды Егемен Қазақстан тілшісі. Елорданың 20 жылдығына және Тәуелсіздік мерекесіне арналған дүлділдер додасына 19 айтыскер қатысты.

Биыл 7-ші рет өткен «Алтын домбыра» айтысына Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансұров, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Сырым Әділбек, Серік Қуанған сынды ақындар қатысты.
Сонымен, айтыстың бас жүлдесін Жансая Мусина жеңіп алып, «Алтын домбыраға» ие болды. Бірінші орын Дидар Қамиевтың еншісіне бұйырып, 3 миллион теңгеге ие болды. Ал екінші орынға Еркебұлан Қайназаров және Мейірбек Сұлтанхан лайық деп танылып, 1 млн теңге көлемінде сыйақы жеңіп алды. Жүлделі үшінші орынға Ринат Заитов, Мақсат Ақанов, Рүстем Қайыртаев ие болып, 700 мың теңгеден қаржылай сыйақыға ие болды. Сондай-ақ Төлеген Жаманов арнайы стипендияның иегері атанды.
Көптеген ақындарға Мәдениет және спорт министрлігінің төсбелгілері мен медалі берілді.
17 желтоқсан 2018 ж. 1 094 0