№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ақтық сайыс мәреге жетті

Ақтық сайыс мәреге жетті


Өткен жолы айтқанымыздай, айтыстың ақтық сайысына Алма Нығметқызы, Бекжан Ержігіт, Азамат Қайратұлы және Әсем Іздібаева шыққан болатын. Жазба айтыс Алма мен Әсемнің, Азамат пен Бекжанның арасында өрбіді. Алма мен Әсем екеуі де жүрек жарды жырларын көпшілікке ұсынып, екеуі де үшінші орынға лайықты өнерлерін көрсете білді. «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы» тақырыбы төңірегінде сөз бәсекесіне түскен Азамат пен Бекжанның айтысы өте тартымды өтті. Екеуі де бір-бірінің ойларына қарымта жауап қайтара отырып сайысты. Баршы мұсылман қауымы асыға күткен Рамазан айының қадір-қасиеті де ақындар назарынан тыс қалған жоқ. Майдангер аталарымыздың ел қорғаған ерліктері ақындар жырына арқау болды. Екеуі де жалынды жырларымен көпшілікке танылған ақындар, десе де, бұл сайыста Бекжан ақынның сөз тапқырлығы мен ойының ұшқырлығы білініп-ақ тұр. Бекжан ақынның: «Тарихта сақталады мәңгілікке, Тасқа қашап жазылған есімдері» деп қаһарман аталарымыз бен апаларымыздың ұмытылмас ерлік жолдарына тоқталуы да ақын ойының тереңдігін паш ете түседі. «Ұлы Отанның жеңісі арқасында, Нұр Отанның жемісін көріп жүрміз» деп ой түйіндеуі де ақын тапқырлығы. Қысқасы, Бекжан ақын қарсыласынан оқ бойы озық тұрды, сондықтан менің пікірімде Бекжан Ержігіт шынайы жеңіске жетті.
Айтыс ақыны Әбілхайыр Әбілпатта
Айтыс тақырыпты толықтай ашты. Жауаптасып бір бірін сөзден ұстау мүлт кеткен жерлерін қалт жібермей аңдысып айтысуы маған ұнады. Азамат пен Бекжанның айтысу тәсілінде ұқсастық байқалады. Айтыстың орта шені шиеленісіп барып шешімін тапты. Бекжан төселген ақын екенін көрсеткісі келсе Азамат қарсыласының бұған дейінгі айтыстарынан хабары бар екенін білдіріп құрметпен қарауға тырысты. Сәл ғана басым деген оймен дауысымды. Бекжанға беремін. Айтыс ақыны Кежебай Жұсіров.
Құрметті ағайын! Ақын Мұхтар Ниязов өз дауысын бере алмай қалды, Ол кісіні де түсінуге болады. Ол ақын кімді таңдаса да, жеңіс шиелілік Бекжан Ержігіттікі екені анық болып тұр. Сөйтіп екінші орынды жаңақорғандық жас ақын Азамат Қайратұлы жеңіп алса, сараптаушылар 3- орынды ақын қыздар Алма Нығметқызы (Жаңақорған ауданы) және Әсем Іздібаеваға тең бөліп берді. М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі барлық сараптаушыларға, додаға қатысқан айтыскерлерге және осы айтыстың ұйымдастыру басында тұрған парақшамыздың белсендісі Алма Нығметқызына арнайы алғысын білдіреді. Марапат рәсімі туралы қосымша хабарлаймыз! Құттықтаймыз!
24 сәуір 2020 ж. 891 0