№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР


– 2017 жылы Жаңақорған ауданы бойынша ауыл шаруашылық дақылдарын суармалы сумен суару үшін Сыдария өзенінен 525,0 млн. текше метр, ал, Бесарық, Жиделі су қоймасынан 13-14 млн. текше метрден су алынады. Мұнан бөлек, 100,0 млн. текше метр экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жұмсалатын болады, ауданның бас мұрабы.
Маманның сөзіне қарағанда, қазір барлық магистралды каналдар су алуға дайын. Келінтөбе каналының сағасындағы үрлемелі су тоспасында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Су алу науқанына дейін дайын болады. Сол сияқты Бесарық су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төменарық, Сүттіқұдық, Қожамберді елді мекенінің үй іргелік жерлерін сумен қамтамасыз ету мақсатында Қандыарал каналынан 20,0 мың текше метр жерге тиісті жұмыстар атқарылып, Тайпақкөл арқылы су жиналуда. Нақтылай айтқанда, Қандыарал-Тайпақкөл көлдер жүйесіне қазір секундына бес текше метр су құйылуда екен.
– Бүгінгі күнге су жүйелерін тазарту жұмыстары шаруашылықаралық каналдарда 100 пайыз, ішкі шаруашылық каналдарда 20 пайыз орындалды. Сонымен қатар, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу шаруашылықаралық каналдарда екі дана, ішкі шаруашылық каналдарда 25 пайыз, насос қондырғыларын жөндеу 33 пайыз, гидробекеттерді жөндеу (рейкалар) 56 пайыз атқарылған. Бұл жұмыстар көктемгі су пайдалану науқанына дейін толық дайын болады десекте атын атап, түсін түстемей-ақ кейбір шаруашылықтардың жайбасарлығы алаңдатады. Шаруашылықтардың ішкі су жолдарының таза бомауы, ертеңгі күні дұрыс өнім алуға кері әсерін тигізеді, – дейді Абдімажит Ахметов.
Айта кететіні, биыл ішкі каналдарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Атап айтқанда, Сунақата каналы мен ішкі су жолдарының 20 мың текше метрі тазарту, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
10 қаңтар 2018 ж. 1 946 0