№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Электронды саудаға икемделе беріңіз

Электронды саудаға икемделе беріңіз


Интернет әлем кеңістігін жаулап алумен қатар оны пайдаланушылардың саны күннен күнге артып келеді. Ал осымен қоса пайдаланушылардың интернет арқылы алатын қызмет түрлері дамуға жол ашты. Ал интернеттегі ең танымал қызмет түрі – интернет-дүкендер. Яғни өзіне қажетті тауарларға – киім-кешек, азық-түлік, автокөліктер, үйлер, косметика және басқаларына қол жеткізуге болады.


Интернет-дүкендер неліктен тез танылып келеді? Себебі онда сатып алу оңай. Бүкіл тауарлар сипатталған, толық мінездемелерімен қамтамасыз етілген, түрлі ракустерден жасалған фотосуреттері бар, бағасы көрсетілген. Интернет-дүкенде сізге қажет затты өзіңіз іздейсіз, тапсырысты рәсімдейсіз және курьер немесе пошта арқылы жеткізілген тауарды аласыз. Жеткізудің түрін де өз бетіңізбен таңдай аласыз.
Оның кәдімгі дүкендермен салыс­тырғандағы артықшылығы – бағасы мен қажет мінездемесі бойынша тауарды табу жеңіл. Ештеңені де жазып алудың немесе есте сақтаудың қажеттігі жоқ, тек тауарды таңдау мәзірінде бағалар диапозоны мен қажет сипаттамаларын енгізіп, іздегеннің тізімін аласыз. Таңдауыңызды жасау ғана қалады. Одан бөлек сіз кассада кезекте тұрмайсыз, сатылымды рәсімдеуді күтпейсіз, тапсырыңызды оп-оңай рәсімдейсіз.
– Электронды сауда өзінің қызмет аясын кеңейтіп келе жатқанына қарамастан, электронды сатып алуларды қауіпсінетін сатып алушылар бар. Бірақ электронды дүкендер өзінің мәні бойынша кәдімгі дүкен сияқты. Ресми түрде жұмыс істейді, салықтар төлейді, өздерінің кассалық аппараты, мөрі бар және сол сияқты. Тек қызмет көрсету формасы басқа, – дейді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы У. Манамбаев.
Оның сөзінше, интернет саудадағы әбестіктің бірі – егер сайтта сатып алынған тауар сізге ұнамаса, оны қайтару өте қиын. Бірақ, интернет саудаға сұраныс күн сайын артып, тауар айналымы өсуде.
Оның басты себебі, онлайн сауда оңай, тек ережелерді сақтау маңызды. Біріншіден, біздің елімізде интернет – сатып алулар келесі заңнамалық актілермен реттелетінін білу қажет. Тапсырыс интернет – дүкеннің сайтында құрылады. Яғни осы тапсырыс сатып алу-сату келісімі болып табылады. Онда сатып алынатын тауардың барлық мінездемесі, оның бағасы, қызмет мерзімі мен жарамдылық мерзімі, кепілдік мерзімі, төлеу әдісі мен жеткізудің түрі көрсетіледі. Тауар пошта немесе курьерлік қызмет арқылы сатып алушыға жеткізілгенде онымен бірге жазбаша түрде тауар арқылы ақпарат жеткізіледі. Егер тауар әлі жеткізілмесе, сатып алушы одан кез келген уақытта бас тарта алады.
Тауарды айырбастау және қайта­рып алу тауар пайдаланылмаған болып, оның тауарлық өңі, тұтынушылық қасиеттері, плом­балары, фабрикалық затбелгісі, сатып алушыға тауармен қоса берілген тауарлық немесе кассалық чегі сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Егер сізде бұл құжаттар болмаса, сатып алу фактісін басқаша дәлелдей аласыз. Сондықтан сатып алғаннан кейін шот-фактура, орамасын (егер сіз тауарды қайтаратын болсаңыз, ол міндетті түрде керек болады), төлем чектерін лақтырмаңыз. Интернет-дүкен сайтындағы тауарды сату және қайтару ережелері бар беттің және сатып алу көрсетілген сіздің жеке кабинетіңіздің скриншотын жасауға да болады. Егер сіздің өтініш сотқа дейін жеткен жағдайда бұл көмек беруі мүмкін.
Қайтаруға болмайтын тауар түрлері де бар, әрине, егер ол сапалы болып, өзінің мінездемесіне толық сәйкес болса. Бұл сіз үшін ғана жасалған, сіз ғана пайдалана алатын ерекше тауар, мысалы тапсырыспен тігілген киімдер.
Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!

Мақпал МАРҚАБАЙ
11 наурыз 2020 ж. 657 0