№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған тұрғындары да электрон­ды саудадан кенде қалған жоқ

Жаңақорған тұрғындары да электрон­ды саудадан кенде қалған жоқ

Электронды сауда – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бір бағыты. Экономиканы цифрландыру арқылы қызмет көрсету сапасын арттырып. Халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталуда. Әсіресе онлайн-сауданың ауқымы кеңейіп келеді. 2005 жылдары енген интернет сауданың тұтынушылар саны артып, экономикаға оң әсерін тигізе бастады. Қазір 10 млн-ға жуық Қазақстандық интернет игілігін көріп жүр. Соңғы жылдарда онлайн-сауда қарқынды дамып келеді.
Әлемнің экономикасы дамыған елде­­рінде электронды сауда дәстүрлі дүкен­дердің орнын алмастырып, басым әлеумет онлайн сауда жасауға көшкен. Бұл көшті Қытай бастап тұр.
Қазақстанда екі мыңға жуық дербес интернет дүкендер халық игілігіне жұмыс жасайды. Соның ішінде AliExpress, Satu.kz, технодом сияқты ірі дүкендер сауда саласында танымал. Тұтынушылардың басым бөлігінің сұранысына киім-кешек, жиһаз, косметика, тұрмыстық техника, кітап, көлік бөлшектері тауарлары ие. Онлайн сауданың басым бөлігін әйел­дер қауымы жасайды. Сонымен қатар әуебилеттерінің 99 пайызы онлайн жүйеде сатылады. Теміржол билеттері мен мәдени іс-шараларға билеттер және коммуналдық төлемдер жасау бағытында төлемнің осы түрі анағұрлым артық сұранысқа ие.
Электронды сауданың тиімділігі – уа­қыт пен қаржы үмендеп, фото, бейнелер арқылы үйде отырып-ақ қалаған заты­мызды таңдап, сауда жасай аламыз. Тұтыну­шылардың сұранысы мен талғамы­ның өсуі – интернеттегі тауарлар сапасы мен қызмет түрлерінің көбеюіне септігін тигізуде, тіпті дәрі-дәрмек пен азық-түлікті де онлайн дүкендерден таба аламыз.
Электронды саудада шекара жоқ. Тұтынушылар әлемнің кез-кел­ген жері­нен сауда жасаса, тауар өндіру­шілер жаһандық нарыққа шығып тұтыну­шыларына қызмет көрсете алады. Онлайн дүкендердің артықшылығы ешқан­дай сауда нүктесін, қоймаларды қажет етпей­ді, 24 сағат жұмыс жасауға ыңғайлы, тауарлар қоймаларда қалып бүлініп, бұзылады деген қауіп болмайды.
Елімізде электронды сауда жүйесінің шағын кәсіп иелері үшін тиімділігі жоғары, олардың шаруасын одан әрі дамытуға, сондай-ақ ісін жаңадан бастаған кәсіп­керлердің аяқтан тұрып кәсіптерін дөң­геле­туіне ықпалын тигізуде.
Бұл сауда түрі ауыл шаруашылығы үшін көптеген мүмкіндіктер берері анық, бірақ ауылдарымыз электронды сау­да ұғымынан әлі де тысқары қалып отыр. Өздері өндірген өнімін әлеуметтік желіге шығарып, жарнамалау арқылы табысын арттыруға болады. Әзірше бұл болашақтың еншісінде.
Жаңақорған тұрғындары да электрон­ды саудадан кенде қалған жоқ. Елдің әр аймағындағы брендтік дүкендерден электронды сауда арқылы киім және аяқ киім, тұрмыстық техника, қолөнер бұйымдары, косметика сатып алу біртіндеп дамып келеді. Мерекелер мен туған күн кештеріне тәтті дәмділерге интернетпен тапсырыс беру үрдіске айналуда. Осындай тәттілерімен Жанақорған халқының алғы­сын алып жүрген Жазира ханыммен тілдескен болатынбыз:

– Мен өзімнің жан құрбым Бекзададан уйреніп тәттілерді пісіруді он жыл бұрын бастағанмын. Уақыт өте қызығушылығым артып, әлеуметтік желілерден қарап қайта пісіре бастадым, әрине бірінші жолдасымның қолдауымен қажетті құрал-жабдықтарымды алдым. Кондитерлік өнімдерді пісіріп кәсіп еткеніме алты айдан астам уакыт болды. Өзім мұғалім, бес баланың анасымын, қазіргі уақытта бала күтімімен отырмын, үйде қол қусырып отырмай балаларымның көмегімен осы кәсіпті жаныма серік етіп жүрмін. Аллаға шүкір тапсырыс артып келеді, тұтынушыларымнан әрдайым алғыс естіп келемін, бұл мен үшін жетістік, – деп өз сөзін аяқтады.

Қолөнер бұйымдары қай заманда болмасын әйел затына көрік берері анық. Казірде aksaule_handmade деген есіммен танылып келе жатқан қолөнерші Ақсауле Құтыбаймен сұх­бат өрбіттік:
– Қолөнер бұйымдарына деген қызығушылығым 2013 жылдары студент кезімнен басталды. Уақытымды тиімді өткізіп жатақханадағы құрбыларыма есімдері жазылған білезіктер,тастармен безендірілген ободоктар, түрлі әшекей бұйымдарын жасап бизнес көзіне айналдыра бастадым. Қазіргі уақытта жасаған бұйымдарымды интернет арқылы басқа қалаларға да сатып кәсіп етіп жүрмін. Тек әшекей бұйымдармен шектелмей балаларға есімі жазылған бас киімдер, қалыңдық гүлдері, мұсылман заттарын тігуге де тапсырыстар қабылдап шеберлігімді шыңдап келемін. Мен шабытты жасаған бұйымымды тапсырыс иесіне жеткізіп, олардың алғысын аламын. Әрине бұл менің алты жылдық еңбегімнің жемісі деп білемін, – дейді ол.
Әлеуметтік желінің игілігін көріп жүрген тағы бір жан Маржан ханымның әңгімесін тыңдап қайттық.
– Өзім қыздарыма басқа қалалардан интернет дүкендерден киім алып жүрдім, неге мен де балалар киімі дүкенін ашпасқа деген ой келді. Басында қалай болады, біздің ауданымызда мұндай сауда қарқынды дамымаған деген қорқыныштың болғанын жасырмаймын. Уақыт өте халық үйренісе бастады. @kids.style.kzo балалар киімі дүкенімді ашқаныма бір жыл уақыт болды, маусымдық жеңілдіктер жасап тұрамын. Көп тапсырыстарымды әлеуметтік желі арқылы алып, жеткізіп беру қызметімен қамтып отырмын. Сонымен қатар @lady_style_janakorgan кыз-келіншектерге арналған киім дүкенін аштым. Аллаға шүкір, электронды сауданың игілігін көріп кәсібімді дөңгелетіп жүрген жайым бар, – дейді Маржан.
Интернет – казіргі сауданың көркін келтіріп қана қоймай кемел елдердің қатарына кірігуімізге игілікті бір қадам болып отыр.

Майра Әбдуәліқызы
24 қыркүйек 2019 ж. 1 012 0