№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Онлайн сауда – уақыт талабы

Онлайн сауда – уақыт талабы


«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Елбасы Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын дайындауды тапсырды. Соның бірі – онлайн-сауда. Бүгінде электронды сауданың бұл түрі дамыған елдерде кеңінен тараған. Ал, елдегі интернет сауданың әлеуеті қандай? Онлайн дүкендерді жаңақорғандықтар пайдалана ма? Біз осыны пайымдап көрдік.
Қазақстанға Электронды сауда түсінігі 2005 жылдары ене бастапты. Осы уақыттың аралығында кәсіпкерлер ғаламтордан өз порталдары мен парақшаларын ашып, виртуалды әлемде кәсібін ашуды жүргізе асыра бастаған. Ресми деректерге сүйенсек, елде 12 миллионнан астам ғаламтор пайдаланушысы бар. Бірақ олардың басым бөлігі әлеуметтік желілерге тіркелумен шектелген. Жалпы, Қазақстанда 1000-на аса интернет-дүкені кездеседі.
Әлем бойынша соңғы жылдары интернет-сауда қарқынды дамуда. Мәселен, әлемдегі дамыған мемлекеттерде электронды сауданың нарықтағы үлесі 20-25 пайыз болса, Ресейде 4 пайызды құрайды. Ал, қазақстандықтардың үлесі аз.
Десе де, бүгінде ғаламатордың ғаламат мүмкіндіктерін аудан мен ауылдық округ тұрғындары да онлайн-сауда жасап, қажетіне қарай қалаған затына қол жеткізуде. Мамандардың зерттеуінше, онлайн арқылы сатылатын ең танымал тауарларға: тұрмыстық техника, электроника, киім-кешек пен үйге арналған жиһаз жабдықтары жатады. Ал, онлайн-сауданы игілігіне пайдалану жағынан Алматы, Астана, Қарағанды қалалары алғашқы үштікке еніп отыр. Бірақ, қазақстандық сауда-саттықтың 1,2 пайызы ғана онлайн бизнеске тиесілі екен.
Бүгінде ауданның әр адамның қолында смартфон бар. Интернеті де қолжетімді. Дегенмен, онлайн-саудаға жастар жағы көп жүгінеді екен. Ал, орта буын бәсең. Десе де, бұл «интернет-дүкенді» мүлдем пайдаланбайды деген сөз емес. Өткен жылдармен салыстырғанда ауданда интернет дүкеннен сатып алатындардың да, өз парақшаларын ашып сауда жасайтындардың да қарасы көбейген. Олар өз тауарлары мен қызметтерін «инстаграм» парақшасы арқылы жарнамалап, саудаларының сатылымын арттырған. Мысалы, сән үйлері өздерінің қызметтерін жарнамаласа, Тоғжан Муслимова, Маржан Молдабекова, Сымбат Әшімова секілді аруларымыз тауарларын жарнамалап, саудаларының сатылымын арттыруда.
Аудандық пошта байланысы торабының, жылжымалы почта байланысы бөлімшесінің басшысы Раушан Кауханованың айтуынша, интернет арқылы сатып алынған заттар пошта торабына түсісімен, тапсырыс берушінің телефонына хабарлама жіберіледі. Кейінгі кезде дәрі-дәрмектерге сұраныс артқан. «Здоров Групп» компаниясынан дәрі алдыратындар қатары көп. Сонымен қатар, «Avon» компаниясының заттары 250 (өткен жылмен салыстырғанда 150 қорапқа азайған) қорап, «Mary kay» - 40 қорап, «Oriflame» - 7-8 қорапқа дейін келеді. Ал, «Lamoda», «Bonprix.kz», «AliExpress» желілерінен киім-кешек алушылар саны басым.
– Мен онлайн-сауданы қолдай­тындардың қатарынанмын. Егер де интеретті тиімді пайдалана білсеңіз, оны едәуір табыс көзіне айналдыруға болады. Маған интернет-саудамен айналысу жөнінде құрбым ұсыныс жасады. Бастапқыда сенімсіздік болғанымен, декреттік демалыста отырғаннан кейін айналысып көрейін деп шештім. Нәтижесі жаман емес. Сауданың өтімді немесе өтімсіз болуы аудиторияға байланысты. Егер аудиторияда оқырмандар саны көп болса сауда да жақсы жүреді деген сөз. Парақшаны ашқан екі жылдың ішінде көптеген тұтынушылар жинап үлгердім. Тауарларымның көбісі қыз-келіншектерге арналған заттар мен киім-кешектер болғандықтан, сауда жасайтын да солар, – дейді «@krasota_kz_zhanakorgan» парақшасының әкімшісі Тоғжан Муслимов­а.
Айсұлу АЖАНХАНҚЫЗЫ.
18 қыркүйек 2018 ж. 1 164 0