№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СІЗ ЖҰМЫС УАҚЫТЫНДА НЕ ІСТЕЙСІЗ?

СІЗ ЖҰМЫС УАҚЫТЫНДА НЕ ІСТЕЙСІЗ?


Егер сіз дәл қазір open space сипатындағы кеңседе отырсаңыз, жан-жағыңыздағы әріптестеріңіздің түр-әлпетіне жіті қарап шығыңыз. Бір қарағанда, олар жан-тәнімен жұмыс істеп отырғандарға ұқсайды. Шын мәнінде, олардың кейбірі дәл осы сәтте e-commerce нарығына өлшеусіз үлес қосып отыр.

Ең басында статистикамен таныстырып өткен соң, немен бетпе-бет келетінімізді түсіну үшін сандарды жақсылап қарап шығайық.
Сарапшылардың мәліметінше, 2016 жылы қазақстандықтар интернетте 33 миллион транзакцияны жүзеге асырған. Қазақстандағы e-commerce нарығы 1 миллиард АҚШ долларына бағалануда.
Нарық үнемі өсу үстінде. 2017 жылдың наурызында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсудің болғаны байқалады: транзакция 2,13 есе өссе, олардың көлемі 3 есе өскен.
Жаңа заттарды сатып алуға құмар қазақстандықтар көп жағдайда киім, әуе билеттері, түрлі техникалар, тамақ пен әдеби кітаптарға тапсырыс береді. Сауда алаңын таңдауда қазақстандықтардың патриот екенін айта кеткен жөн. Жергілікті тұрғындар көп жағдайда отандық интернет-дүкендерге тапсырыс беріп, бүгінде қазақстандық сатушылардың үлесі 63,8 пайызды құраған.
Тапсырыс қабылдаудағы үздіктер үштігі мынадай: Lamoda.kz, Wildberries.kz, Sulpak.
Алайда, интернеттен зат сатып алуға құмар қазақстандықтардың саны айтарлықтай көп емес. ҚР статистика Комитеті жүргізген сауалнама мен сараптама барысында қазақстандықтардың тауарды не себепті онлайн сатып алмайтыны белгілі болды. Жауап берушілердің 79,2 пайызы өздеріне интернеттен тауар сатып алу қажеттілігінің жоқ екенін айтады; 17,8 пайызы тауарды көзбен көріп, қолмен ұстаған соң алатынын немесе офлайн-дүкендерге «адал» екенін мәлімдеді; 5,7 пайызы интернетте сауда жасау үшін айтарлықтай тәжірибесі жоқ екенін алға тартқан.
Иә, қазақстандықтардың бұл сөзінде айтарлықтай ақиқат бар. Әсіресе, интернеттен тауар сатып алып, ол тауар өз күткеніндей болмайтыны туралы мысалдар аз емес. Бұлай алданып қалатындардың көбісі Vera Wang, PlayStation4, Gucci тауарлары әрі кетсе 100 доллар тұратынына сенетіндер. Осы жерде нағыз брендтердің бағасы интернет-дүкендерде де нағыз бренд бағасына сай болатынын ескерткіміз келеді. Айтпақшы, сатып алушылар тауарды әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы алмақ болып, ақшасынан қағылып жатады.
Сонымен, сауалнама нәтижесіне қарап «желініп қалу» оқиғаларының көп екенін байқадық.
1. Интернеттен тауар сатып алу үшін арнайы банк картасын алып, есепшот ашып, оған орташа сомада қаржы аударып қойыңыз. Кез-келген банктен Visa немесе Mastercard арқылы төлем жасау көп деңгейлі сәйкестендіруді мүмкін етеді: төлемді аяқтау үшін сіздің телефон нөміріңізге жіберілген арнайы кодты енгізу керек, ал кейде төлемді мақұлдау үшін электорнды почта мен телефонның көмегіне жүгінуге тура келеді.
2. Интернет-дүкеннің қауіпсіздігі туралы түрлі пікірлер, рейтинг пен бірнеше техникалық тетіктер арқылы білуге болады. Мәселен, парақшаның бұрышында құлыптың символы тұрады, ал мекен-жай тұратын жол өту кезінде http-ден https-ке ауысып, аталған сайттың арнайы шифрлену арқылы қорғалғанын білдіреді.
3. Интернет-дүкендердің сайтында міндетті түрде сын-шағымдарды қабылдайтын мекен-жай, 14 күннің ішінде тауарды қайтаруға арналған контактілер және заңды тұлғаның атауы тұруы тиіс. Беделді дүкендер «курьерге төлеу» қызметін енгізуде. Бұл сатып алушыға тауардың сапасы мен өлшемін көзбен көрген соң ғана төлем жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тауарды қайтаруға кедергі болмайды.
4. Техника жабдықтарын дүкеннің өз сайтынан сатып алуға кеңес береміз. Айтпақшы, отандық e-commerce нарығында тұрмыстық техника мен электроникаға арналған Sulpak дүкендер желісі үздіктер қатарында екенін атап өттік. Бұл шын мәнінде барлық талаптарға жауап беретін техникаға арналған интернет-гипермаркеті болып саналады. Бұл Sulpak интернет-дүкенін басқалардан ерекшелеп тұр.
Біріншіден, дүкеннің сайтында суретпен түсіндірілетін әр қадамдық нұсқаулық ілініп тұр. Сіз уақытты үнемдеу арқылы ақшаны да үнемдеуге болатынына көз жеткізесіз, өйткені, интернеттегі тауарлар үстеме ақысыз сатылады.
Екіншіден, тауарды таңдаған соң телефон арқылы қосымша ақпарат алып, тауарға бірден тапсырыс беруге мүмкіндік бар.
Үшіншіден, Sulpak-та төлемнің алты түрі арқылы қызметті пайдалануға болады: қолма-қол төлеген соң өзіңіз алып кету немесе курьер арқылы тауарды үйге жеткізу; сайтта банк картасы арқылы төлем жасау; интернет-банкинг сервисінің қызметі арқылы төлем жасау; бонус картасы арқылы төлем жасау және счет-фактура мен несиелеуге негізделген сертификатпен төлем жасау.
Төртіншіден, Sulpak-тағы клиенттің жұмысын жеңілдетуге арналған ыңғайлы төлем бонус жинап, оффлайн және онлайн режимдерде бонус арқылы төлеуге мүмкіндік береді.
Сөз соңында онлайн-шоппинг заманауи адамның еркіндігіне жол ашатынын айтқымыз келеді. Иә, біз дүкеннің сөрелерінде тұрған шектеулі заттардың ішінен ғана таңдау жасауға үйреніп қалғанбыз, тіпті ол гипер болса да... Алайда, сізге шексіз әлем ұсынған мүмкіндіктерді таңдай білуге үйрену қажет.
 
25 қаңтар 2018 ж. 1 183 2

Гость Jeahulalf от 19 ақпан 2019 00:05
Fluoxetine Uk Buy generic viagra Warum Ist Levitra So Teuer

Гость Jeahulalf от 10 наурыз 2019 19:34
Viagra Without A Doctors Prescription generic cialis Prednisone Canada Men'S Health Buy Viagra