№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Төрт тілде еркін сөйлейтін ғалым

Төрт тілде еркін сөйлейтін ғалым


Бүгінде өскелең жастардың интеллекті жоғары болса, мемлекеттің де «иммунитеті» жоғары болары айқын. Жасыратыны жоқ, ұлттық экономиканың табысқа жетуі ғылым мен білім нәтижелеріне тәуелді екеніне дамыған елдер тәжірибесіне қарап көз жеткізу қиын емес. Десе де, шетелден дайын технологияларды көшіре бермей, отандық жас ғалымдарды қолдап-қолпаштайтын, насихаттайтын, үлгі ететін кез келді. Сонда ғана, соңынан ерген жас буын шығармашыл, инноватор, зияткер болып өсіп шығып, ұлттық экономиканы аяғынан нық тұрғызары сөзсіз.


Осы орайда, біз бүгін техника ғылымдарының кандидаты Гүлшат Сағындыққызы жайлы сөз етпекпіз. Жас ғалымның бүгінге дейін жеткен жетістігі бір төбе. Экологиялық ахуалды негізгі зерттеу нысанына алған кейіпкеріміз №110 мектеп-лицейінде химия пәні мұғалімі отбасылық жағдайға байланысты 3 жылдан бері бала күтіміне байланысты үйде отырсада ғылыми тақырыптарды зерттеуін тоқтатқан емес. Негізі 2003 жылдан бастап Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің экология және химия кафедрасында оқытушылықпен қатар ғылыми ізденіс үстінде. Тәлімгерліктен бөлек, Ұлттық инженерлік академиясында кеңесші. Он бес жылдық еңбек өтілі бар ғалыммен редакция төрінде тілдестік.
– Тұңғыш Президенттің Жолдауы­нан туындаған басым бағыттың бірі – «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы. Ұлттық жоба 6 бағыттан тұрады. Соның бірі – елдің интеллектуалды потенциалын көтеру. Бұл бағытта аз да болса, ғылыми ізденіс жолында ілкімді жобаларды қолға алып, жан-жақты зерттеу жұмысын жүргізіп келеміз. 2010 жылы геоэкология мамандығы бойынша «Кен байыту қалдықтарын өңдеудің физика-химиялық және экологиялық аспектілері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым. Жоғары оқу орында «Экология және тұрақты даму», «Биогеохимия және экотоксикология», «Қоршаған орта туралы ілім», «Биосфераның құрылымы және эволюциясы», «Экологиялық ресурстарға кіріспе» тақырыбында студенттер мен магистранттарға дәріс оқып, практикалық және лабораториялық сабақ бердім, – дейді Гүлшат Шалабаева.
Сондай-ақ ол білімін жетілдіру мақсатында шетел асып, тың тәжірибелерге қаныққан. 2014 жылы ҚР «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының арнайы бағдарламасымен Англияның Норвич қаласындағы NILE институтында педагогикалық біліктілігін арттырған. Мұнан кейін Испанияның Валенсия қаласындағы «Валенсия» политехникалық институында ғылыми біліктілігін арттырып, жаңа технологияның қыр-сырына қаныққан. Ағылшын, орыс, түрік тілінде еркін сөйлейтін Гүлшат Сағындыққызы бүгінде құрылыс материалдарының тиімділігін арттыру, яғни, экологиялық тұрғыда зиянсыз материалдар шығару бағытында ізденіс үстінде. Оған қоса, таза ауыз су мәселесін тақырыбына арқау еткен. Осы екі бағытты зерттеу нысанына алған ғалым алдағы уақытта ғылыми жұмыстарының қоғам өміріне айналымға еніп, елге пайдасы тиетініне бек сенімді. Сондықтанда отандық ғалымдарды қоғам да, мемлекет те қолдауы тиіс. Жаңашыл, өнертапқыш адамдарға жол ашу мемлекетті алға сүйрейді. Ғылымның дамуы арқылы озық отыз елдің қатарына енуіне үлес қосады. Бір сөзбен айтқанда, экономиканың кемелденуі техникалық прогреске тәуелді және ол үшін мемлекеттік деңгейде идеологиялық қолдау шаралары жүзеге асқаны абзал. Осы тұрғыда жаңақорғандық Гүлшат Шалабаева 30-дан астам ғылыми еңбектің авторы, 2 ғылыми мақаласы шетелдік танымал «Scopus» базасындағы импакт факторлы ғылыми журналында жарияланған. Әрі экологиялық ахуалды жақсарту бағытында жазған 3 оқу құралы мен 1 электронды оқулық, 1 ғылыми монографиясы жоғарғы оқу орнында студенттер мен магистранттарға көмекші оқу құралы ретінде пайдасын тигізуде. Оған қоса, жас ғалымды инноватор деп атауға әбден болады. Өйткені инновациялық патент иегері. Ғылым жолындағы еңбегі еленіп, талай мәрте Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті басшылығының «Ағыс хатына» лайықты деп танылған. Одан бөлек, Қазақстан Республикасының «Құрметті педагогі» төсбелгісі мен Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту оратылығының «Құрмет грамотасына» ие болған.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ
18 ақпан 2020 ж. 579 0