№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БЕС ЖЫЛДАҒЫ ЖЕТІСТІК

БЕС ЖЫЛДАҒЫ ЖЕТІСТІК


Мемлекет басшысының Рухани жаңғыру мақаласының негізі бағыты білім саласының салтанат құруы. Яғни, құнды құжатта «Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» делінген. Бүгінде мектеп деңгейі ұлттық бірыңғай тестілудің нәтижесімен сараланатын болды. Бұл межені еңсеруде М.Нәлібаев ауылындағы №196 орта мектептің көрсеткіші көпке үлгі.
Мәселен, соңғы 5 жылда мектеп түлектері ҰБТ-ға түгел қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізген. Жыл сайын көрсеткіш өсіп келеді. 2013 жылы 69 пайыз болса, 201 жылы – 78,5, 2015 жылы – 83,2, 2016 жылы – 83,3 және 2017 жылы көрсеткіш – 86,2 пайызға жеткен. Былтыр тестілеуге қатысқан 14 оқушының 13-і мемлекеттік грантқа қол жеткізсе, үшеуі «Алтын белгі» иегері. Осындай биіктікке көтерілуде ұстаздардың біліктілігімен сараланады.
Бұдан бөлек мектеп оқушылары пәндік олимпиадалардан аудан көлемінде үздік нәтижеге қол жеткізіп жүр. География пәнінің мұғалімі Тұрғанбек Жөкеевтің шәкірттері соңғы үш жылда жүлдегерлер қатарынан төбе көрсетіп келеді. Мәселен, 2017 жылы Республикалық «Ы.Алтынсарин-2017» байқауында Наргиза Убайдулла ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетіне грант жеңіп алды.
– Соңғы кездері балалардың сабақ оқуға деген ынтасы өте жоғары. Әсіресе, пәндік олимпиадалар мен технологияларды меңгеруге ден қоюы көңіл қуантады. Сондықтан, алдағы уақытта осы биіктікті еселейтін боламыз, – деді география пәнінің мұғалімі.
«Ұстаз талантты болса, шәкірт талапты болады» демекші, 27 жыл тәжірибесі бар Тұрғанбек ұстаздың шәкірттері жақсы нәтижеге қол жеткізуде. Өзі де мектеп қабырғасында 11 жылдан бері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыройлы атқарып келеді. Ұлы Айбек те «Алтын белгі» иегері, қазір Л.Гумилев атындағы университетінде радиотехника, электроника, телекоммуникация факультетінің бірінші курс студенті.
– Тұрғанбек Әжібекұлының сабақ беруде өзіндік оқыту стильі қалыптасқан. Шәкірттері кейінгі кезде аудандық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындардан көрініп жүр. Осындай білікті ұстаздардан білімді шәкірттер тәрбиеленуі заңдылық. Сондықтан, мектеп басшысы ретінде Тұрғанбек Жөкеевтің ізденімпаздығы мен тәліміне жоғары баға беремін, – деді Талғат Есқабылов.
Орайы келгенде айта кетейік, мектеп шәкірттері де спорттық сайыстардан құр алақан емес. Қазақ күресінен Олжас Оразалыұлы, Алтынбек Өмірәлиев жасөспірімдер арасынан екі дүркін ел чемпионы атанса, Әмірбек пен Әйтбек жүлделі оралып жүрген ауыл мақтанышы. Олжас биыл дзюдо күресінен Азия чемпионатында өнер көрсетіп, қоламен қуантқан болатын.
Түйіндей айтқанда, №196 орта мектептің білім саласында жеткен жетістіктері бір төбе. Иә, бес жылда еткен еңбектің жемісі көрінді. Сондықтан, осындай биіктен көріну жолында қызмет етіп жатқан мектептен болашақта білімді ұрпақ, білікті маман шығатынына сенім мол.
Әли ТЕМІРБЕК.
19 маусым 2018 ж. 968 0