№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Телефоншылдық: құмарлық па, қажеттілік пе?

Телефоншылдық: құмарлық па, қажеттілік пе?


Жыл басында "Олимп" букмекерлік кеңсесінің лицензиясы тоқтатылғаны жөніндегі ақпаратты естіп қуандық, сүйіншіледік. Бірақ мәселе осымен шешілді ме, шектелді ме? Жоқ. Әлем "1XBET"-ті қолдайды, насихаттайды. Бұл букмекерлік орталықтарға тәуелді адамдардың қатарын арттыратыны сөзсіз. Одан бөлек біз телефоншыл болып алдық, интернетсіз істі бітіре алмаймыз. Ал оны шамадан тыс қолдану тәуелділікке әкеледі. Біз соны білеміз бе?..


Қазір букмекерлік орталықтар ауылдық жерлерде кеңсесін ашуда. Өйткені оған байланған адамдар саны артты. Бұл табысын арттыратыны сөзсіз. Соның салдарынан қаншама отбасының шаңырағы шайқалды.
Бірнеше жыл бұрын Жаңақорғанда мынадай оқиға орын алғаны естеріңізде болар. Қызылорда қаласында жұмыс жасайтын азаматтың ата-анасына қаржы керек болады. Содан кредит алып, ауылдағыларға қажетті ақшаны таксист досы арқылы салып жібереді. Досының букмекерлік орталыққа тәуелділігі бар-тын. Ойланбастан қомақты қаржыны бәске тігіп, табысқа кеңелуді жоспарлайды. Бірақ қаржыдан түгелдей ұтылып, аяғы... қайғылы жағдайға әкеледі... Елде мұндай оқиғалар көп. Өйткені букмекерлік орталықтарға байланған адамдар саны көп. Олардың тағдыры, тәуелді болуының сыры жайында том-том кітап жазуға болады.
Елде құмар ойынды қоя алмай жүрген адамдар тым көп. Менің достарымның арасында да бар. Олар букмекерлік орталықтарға жұмысқа орналасып алғандай...
Енді не істеу керек? Оларға ем бар ма? Заңға сүйенейін десеңіз, "Ойын бизнесі туралы" заң солқылдақ.
Тәуелділіктің екінші түріне – интернет пен ұялы телефонға тәуелділікті жатқызуға болады. Иә, әлем жаңа аурумен күресуде. Яғни ұялы телефон өмірінің бір бөлшегіне айналғаны соншалықты, оны жоғалтып алудан қорқатындар саны артып келеді. Өмірі тоқтап қалғандай сезінетіндер арасында өзіміздің жастар да бар. «OnePoll» мен «SecurEnvoy» компаниясының анықтауынша, номофобиядан азап шегушілердің қатары күн санап өсіп келеді. Әрбір үш адамның екеуі ұялы телефонын жоғалтып аламын ба деген қорқынышпен ғұмыр шешеді. Әсіресе 18 бен 24 жас аралығындағы жастарға тән.
Қадірлі оқырман, сізде де телефонға тәуелділік бар ма? Қанша сағат телефонсыз жүре алатыныңызды тексеріп көріңіз.
Америкалық психолог және психофармаколог Айвен Голдберг "интернетке тәуелділік" терменинін енгізді. Бұл интернетке байланып, психология­лық ауытқуы бар адамдардың көбейгендігін білдіреді. Психологтың зерттеуінше, интернетті шамадан тыс қолдану адамды стреске түсіреді және адамның физикалық күйіне, жүйке жүйесіне, жеке өміріне, экономикалық және әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізеді.
Интернетке тәуелділікті зерттеушілер қатарында профессор, психолог Кимберли Янгтің еңбегі зор. Ол тәуелділікті анықтайтын тест-сауалнама дайындап, 1994 жылы мыңдаған азаматқа саулнама жүргізеді. Жауап бергендердің көбі тәуелді екендерін мойындады. Нәтижесінде, бұл жүйке ауруының таралуы потологиялық құмарлықпен тең болып шықты.
1995 жылы Иван Голдберг интернетке тәуелділіктің патологиялық сипатын ұсынып, диагностикалық критерийлерін енгізді. Зерттеу жұмыстары барысында интернетті үнемі қолданудың салдарынан адамның мінез-құлықтары бұзылатынын анықтады.
Әр түрлі зерттеу жұмыстарының қорытындысына сүйенсек, интернет қолданушысының 10 проценті интернетке тәуелді. Финляндияда интернетке тәуелді жастарды әскерге жібереді. 2008 жылы Қытай "интернетке тәуелділікті" ресми түрде ауру деп жариялап, емдеу орталықтарын ашты.
Бүгінде көп ата-аналар баласының немесе немересінің телефон бермесе жылайтынын айтып жатады. Құлағы тыныш болу үшін, телефонды қолына ұстатып, қоя береді. Мұның арты "интернетке тәуелділікке" әкелетінін ескермей жүрміз. Тәуелділіктің залалы мен кері әсері тым ауыр екенін әлі түсінбей келемісіз немесе түсінгіміз келмейді...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
11 ақпан 2020 ж. 818 0