Соңғы жаңалықтар

Қызылша ауруы жайлы!

20 тамыз 2025 ж. 371

БІЛІМ ОШАҚТАРЫН АРАЛАДЫ

19 тамыз 2025 ж. 1 025

№62 (8876) 19

19 тамыз 2025 ж.

№61 (8875) 16

16 тамыз 2025 ж.

№60 (8874) 12

12 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қазақстанда тағы бір букмекерлік орталық бәс қабылдауды доғарды

Қазақстанда тағы бір букмекерлік орталық бәс қабылдауды доғарды


Елімізде тағы бір букмекерлік компания басшыларының қолына кісен салынды. Бұл жолы тықыр «Финбет» кеңсесінің жетекшілеріне тықыр таяған екен. Спорттық жарыстарға бәс қабылдаймыз дейтін букмекерлер шын мәнісінде заңсыз құмар ойындарынан қыруар пайда түсіріп жүріпті, деп хабарлайды
Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Дегенмен бұл букмекерлік кеңсе басшылары оңайлықпен беріле салмады. Ішінен тас қып бекітіп алған есікті арнайы жасаққа бұзып кіруге тура келді. Экономикалық тергеу қызметкерлері "Финбеттің" бас-аяғы 43 кеңсесінің астан-кестеңін шығарды.
Атап айтқанда, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарындағы букмекерлік кеңселерде құмар ойындар заңсыз өткізілгені анықталған. Ол жерлерден қап-қап құжаттар мен жалған мөрлер тәркіленді.
Одан бөлек, сейфтерінен ондаған ескі маркілі ұялы телефондар алынды. Енді тергеушілер тыңдалмайтын тұтқалар арқылы "Финбет" басшылары кіммен сөйлескенін анықтайды. Әзірге табысы атышулы "Олимптен" кем түспейтін "Финбеттің" құмар ойындарынан жылына 3 миллиардтан астам теңге түсіріп отырғаны белгілі болды.
"Естеріңізге салсақ, екі апта бұрын "Олимп" кеңсесінің есігіне қара құлып салынған еді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті онда букмекерлердің интернет арқылы заңсыз ойын ұйымдастырып, ал түскен табысты шетел асырып отырғанын әшкерелеген болатын.
20 желтоқсан 2019 ж. 686 0