Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді
Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының судьясы И.У.Тунгышбаев сотталушы З. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191 бабының 2 бөлігінің 1,4 тармақтарымен қаралған қылмыстық ісі бойынша сұхбат берді.
Істің мән-жайына сәйкес, сотталушы З. 2018 жылдың тамыз айының 14 күні сағат 23:00 шамасында, мүліктік пайдаға бату ойы туындап, Жаңақорған кентінде орналасқан «1xbet.kz» букмекерлік кеңсесінде ақша қаражаттарының бар екенін алдын ала болжап біліп, тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру ниеті туындаған.
Осыдан соң соталушы З. өзінің қылмыстық іс әрекетін жоспарлап, пайда күнемдік мақсаттағы ойын жүзеге асыру үшін, бұл оқиғадан бейхабар азамат Қ., өзіне «киім керек болып тұр, жаурап кеттім, бір жерге баруым керек, үйіңнен алып келіп берші» деп жалған айтқан, осылайша өзге адамдар танымас үшін азамат Қ., алып келген киімдерін өзінің үстінде болған киімдерінің сыртынан киіп, бет жүзін тұмшалап, қылмыстық ойын соңына дейін жеткізу үшін, букмекерлік кеңсеге кіріп, кассаға қарай барған кезінде, өзінің қызметтік міндеттерін атқарып, кіруіне бөгет жасаған күзетші С., ұрып, денсаулығына қысқа мерзімге бұзылуына әкеліп соқтырмайтын белгісі бойынша жеңіл дене жарақатын салып, жерге құлатып, ары қарай кассаға заңсыз кіріп, тартпада тұрған әр түрлі купюралардағы жалпы құны 508 000 теңге ақша қаражаттарын ашық жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалаған.
Сотта қарау барысында, сотталушы З., кінәсін толық мойындап және жәбірленуші С және А оған кешірім беретіндерін оның келген шығынды қайтарғанын, сотталушыға қоятын талап тілегінің жоқ екенін, өздеріне кешірім берудің құқықтық салдары түсінікті екенін көрсетіп, сотталушыға бас бостандығы өзінде қалатын жаза беруді сұрады.
Аудандық соттың үкімімен сотталушы З., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 1,4 тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді және жылына 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды.
Брифинг соңында БАҚ тілшісі қылмыстық іс бойынша сауалдар қойып, оларға нақты жауаптар алды.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікір 126