№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Снюс" деген сұм шықты

"Снюс" деген сұм шықты


Темекі бизнесі әлемдегі ең табысты бизнестің бір түрі. Заң күшейтіліп, қоғамдық орындарда темекі тартуды шектеп, бағасы еселеп қымбаттағанымен темекіге сұраныс төмендеген жоқ. Қайта темекі өнімін өндірушілер темекіге балама түрлерін ұсынуда. Соның бірі – «снюс». Яғни түтін түтетіп, көптің көзіне түспейсіз. Оны шайнайсыз. Бірақ құрамы тұз бен түрлі шөп қосындысынан дайындалатын ылғалды темекінің бір қалташасы үш қорап темекінің никотинін алмастырады. Салыстырмалы түрде алғанда, 1 дана темекіде – 1,5 мг болса, снюста – 200-250 мг-ға дейін никотин болады. Сондықтан денсаулыққа аса зиянды шайнамалы темекі жөнінде ақпаратқа тоқталуды жөн көрдік.


Рас соңғы жылдары адамның құмарын қандыратын күмәнді зат­тар көбейіп барады. Соның бірі Швеция елінде өндірілетін снюс өнімі. Бұл заттан қажетті әсерді алу үшін отты қолданудың қажеті жоқ, темекіден негізгі айырмашылығы осы. Денсаулыққа аса зиян шайнамалы темекіні үстіңгі ерін мен қызыл иектің арасына қойып, жарты сағаттай сорып жүрген жанның ағзасына никотин тарайды. Жастар арасында кеңінен тараған бұл зат әртүрлі қоспалардан тұрады және ол шағын пакеттерде қапталған. Денсаулыққа зияны теме­кіден кем түспейтін, тәуелділік тудыратын бұл өнімді пайдаланушының мінез құлқы өзгереді. Тіпті агрессивті күйге түсіп, үнемі көңілсіз жүреді. Ұйқысы қысып, әлсіздік пайда болады. Тұрақ­ты пайдаланған адамның асқазан ішек жолдары созылмалы ауруларға, керек десеңіз, онкологиялық дертке шалдықтырады.
Бүгінде «снюс» өнімін пайдалануға Еуропада тыйым салынған. Тек өндіруші Швецияның өзінде ғана пайдалануға рұқсат бар. Оның өзінде ересектер ғана пайдалана алады.
Ең қызығы, «снюс» биыл ғалам­тордың іздеу жүйесінде ең көп қаралған сөз, әрі рейтингі жоғары өнім болып шықты. Демек бұл өнімге сұраныс жоғары. Қазақстан нарығында ашықтан ашық сатылуда. Осыны ескерген мемлекеттік санитарлық бас дәрігер Заң жүзінде сатуға, таратуға, пайдалануға тыйым салыну жөнінде Қаулы шығарды. Алайда ғаламтор арқылы сатып алу әлде де қолжетімді екені анық.
Ылғалды темекі біздің ауданда сатылымда бар ма? Соны білу үшін дүкендер мен ойынханаларды сүзіп шыққан едік, қуаныштысы түтінсіз темекіден дүкен сатушылары хабарсыз болып шықты. Түнгі ойын орындарында да сатылмайды екен.
Біз осы тақырыпты тарқату үшін аудандық жедел-жәрдем бөлімінің меңгерушісі Әлібек Жиенбаевты сөзге тарттық.
– Әзірге бұл өнімді пайдаланған жөнінде мәлімет тіркелген жоқ. Бірақ үлкен қалаларда оқушылар мен жасөспірімдер арасында кеңінен тараған снюстың зияны орасан. Ол есірткі тәріздес, түтіні будақтамайтын кәмпит, сағыз, насыбай сияқты болады. Оны ерін қуысына салып пайдаланғанда ата-аналар білмей қалуы мүмкін. Сол себепті баланы үнемі бақылауда ұстап, зиянды заттардың құрамы жөнінде түсіндіріп отыру қажет, – дейді білікті дәрігер.
Оның сөзінше, 2015 жылдан бері Ресей шайнамалы темекінің сатылуымен күресіп келеді және шектен тыс қолданудың салдарынан балалардың өлімі де тіркеліпті. Ал біздің елде зиянды өнімнің еркін сатылымда болғаны мамандарды алаңдатып отыр. Өйткені тәуелділіктен тек ерік-жігері мықтылар ғана арыла алады. Ондайлар өте санаулы...
Әлеуметтік желілерді бағдарлау арқылы Қазақстанға келетін өнім Ресей, Швеция, Үндістаннан тасы­малданатынын білдік. Алайда қандай компаниялар таситыны, шекарадан қалай алып өтетіні бізге беймәлім.

Р.S. «Батпаңдап кірген ауру, мысқылдап шығады» деген сөз бар. Есірткі заттары қатарына қосылатын снюс қоғамға жайламай тұрғанда сақтық шараларды күшейту керек.

Лаура БИБАСАРОВА

22 қаңтар 2020 ж. 1 033 0